Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет353/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
296
Дәнекер тіннің жүйелік аурулары (ревматизмдік аурулар) 
Дәнекер тіннің жүйелік аурулары
қазір 
ревматизмдік аурулар
деп аталатын 
болды. Бұдан біраз жылдар бұрын олар коллагеноздар (Клемперер П., 1942) 
деп аталатын-ды. Бұл атау олардың мәндік мазмұнын дұрыс бейнелемейді. 
Ревматизмдік аурулар дәнекер тін мен қан тамырлары жүйесін және иммундық 
гомеостазды зақымдайды. Сондықтан оларды дәнекер тіннің иммунитет 
бұзылатын аурулары деп те атайды. Бұл топқа ревматизм, ревматоидтық 
артрит, Бехтеров ауруы, жүйелік қызыл ноқта (люпус), жүйелік склеродермия, 
түйіншекті периартериит және дерматомиозит жатады. 
Ревматизмдік аурулардың даму барысында 
дәнекер тін жүйесі өршімелі 
ыдырап (дезорганизация)
, мынадай 4 фазадан өтеді: мукоидты ісіну, 
фибриноидтық өзгерістер, жасушалы қабыну және склероз. Бұл аурулардың 
ағымы 
созылмалы
және 
толқымалы

Ревматизмдік аурулардың әрқайсысы белгілі бір мүшелер мен тіндерді 
басымырақ зақымдайды, сондықтан олардың әрқайсысының өзіндік клиника-
морфологиялық ерекшеліктері болады. 
Бұл аурулардың 
этиологиясы
әлі толық анықталмаған. Олардың даму себебі 
ретінде иммунологиялық гомеостазды бұзатын 
инфекциялық
(вирустар) және 
генетикалық
факторлардың, бірқатар 
физикалық
факторлар
(тоңу, 
инсоляция) мен 
дәрі-дәрмектердің
(дәріге төзімсіздік) әсеріне зор мән беріліп 
жүр. 
Ревматизмдік аурулардың патогенезі гиперсезімталдықтың жедел және баяу 
типін бейнелейтін 
иммун
-
патологиялық
жауапқа негізделген. 
РЕВМАТИЗМ 
Ревматизм
(Сокольский-Буйо ауруы)
— қайта-қайта асқынып (рецидив), 
бәсеңдеп (ремиссия) отыратын, ағымы толқымалы, негізінен жүрек пен қан 
тамырлары жүйесін зақымдайтын, инфекциялық-аллергиялық ауру. Ол үнемі 
асқынып, бәсеңдеп, көптеген айларға, тіпті жылдарға созылуы мүмкін; кейде 
білінбей де дами береді. 
Этиологиясы
. Ревматизмді 

-гемолиздік стрептококтардың А тобы 
дамытатыны, олар организмді сенсибилизациялайтыны дәлелденген (мысалы, 
қайталамалы ангинада). Адамның жас шамасы мен генетикалық факторларға 
едәуір мән беріледі (ревматизм — тұқымқуалайтын полигенді сырқат). 
Патогенезі

Ревматизм 
кезінде 
организм 
стрептококтың 
әртүрлі 
антигендерінің әсеріне күрделі де алуан түрлі (гиперсезімталдықтың жедел 
немесе баяу типімен) жауап береді. Әсіресе стрептококк пен жүрек тіндерінің 
антигендерімен қайшыласа қосылатын антиденелердің мәні зор. Стрептококтың 
кейбір ферменттері дәнекер тін белоктарын ерітіп (протеолиздік әсер), оның 
негізгі затындағы белоктар мен гликозамингликандарды ыдырата алады. 
Сондықтан науқастың қанында өз тіндері ыдырағанда түзілген өнімдермен де, 
стрептококтың компонентерімен де қосылу мүмкіндігі мол антиденелер пайда 
болып, аутоиммундық үдерістердің өрістеуіне қолайлы жағдай туындайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет