Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет356/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   832
Байланысты:
струков патан

Патологиялық анатомиясы
. Ревматизмге тән өзгерістер жүрек пен қан 
тамырларында дамиды.
Жүректің
барлық қабатындағы дәнекер тін мен миокардтың өзін дистрофия 
шарпып, қабынады. Аталған үдерістер ревматизмнің басты клиника-
морфологиялық бейнесі. 
Эңдокардит
— жүректің ішкі қабатының қабынуы — ревматизмнің ең айқын 
көріністі бейнелерінің бірі. Дамыған орнына байланысты ол 
қақпақшалық

хордалық
және 
қабырғалық
эндокардитке жіктеледі. Ең айқын көріністі 
эндокардит қосжақтаулы (митрал) қақпақшада және қолқа қақпақшасының 
жақтауларында дамиды. Көбіне жүректің сол жақ бөлігіндегі эндокардитке оң 
жақ бөлігіндегі эндокардит қосарланып, дербес эндокардит өте сирек кездеседі. 
Эндокардтың эндотелийінде дистрофия мен некробиоз дамып, дәнекер тіні 
мукоидты, фибриноидты ісінуге және некрозға ұшырайды, қалың қабатында 
жасушалар көбейіп (гранулематоз), ішкі бетіне тромбылар түзіледі. Аталған 
үдерістердің арақатынасы әртүрлі, сол себепті эндокардит бірнеше түрге 
жіктеледі. 
Қақпашақшаларда ревматизмнен дамитын эндокардиттің 4 
түрі
бар 
(Абрикосов А.И., 1947): 1) диффузды вальвулит, 2) сүйелді (тромбылы) жедел 
эндокардит, 3) фибропластикалы және 4) қайталамалы сүйелді эндокардит. 
Диффузды эндокардит, 
яғни
вальвулит 
қақпақшаның жақтауларын 
диффузды зақымдап, эндотелийді бүлдірмейді, тромбылар болмайды. 
Сүйелді 
жедел эндокардит
эндотелийді зақымдайды. Жақтаулардың өзара түйісетін 
жиегінің эндотелийі зақымдалып, ол жерлерде сүйел тәрізді тромбылар түзіледі 
(168-
сурет
)

Фибропластикалы эндокардит эндокардиттің
алдыңғы екі 
түрінен өрістеп, фиброз бен тыртықтану үдерістеріне бейімділік байқалтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет