Нуржігіт Алтынбеков 304
БЕХТЕРЕВ АУРУЫ Бехтерев ауруы (синонимдары:
Штрюмпелль—Бехтерев—Мари ауруы, анкилозды спондилартрит, ревматоидтық спондилит ) — негізінен омыртқа
жотасының буын-байламдық аппаратын зақымдап, оның қимылдау қабілетін
жоятын, кейде шеткі буындар мен ішкі мүшелерді де қамтитын созылмалы
ревматизмдік ауру.
Этиологиясы мен патогенезі . Оның себебі ретінде инфекциялық-
аллергиялық факторларға, омыртқа жотасының жарақаттануына біраз мән
беріле отырып, тұқымқуалайтын факторлар ерекше бағаланады. Өйткені бұл
аурумен көбіне ер адамдар сырқаттанып, олардың 80—100%-нан HLA-В27-
гистосыйымдылық антигені анықталады. Анкилозды спондилартритпен
сырқаттардың
барлығынан
дерліктей
анықталатын
HLA-В27-
гистосыйымдылық антигені әлсіз иммундық жауап генімен тіркескен,
сондықтан аурудың даму барысы аутоиммундану үдерісімен байланысты
секілді. Бактериялар мен вирустардың антигені әсер еткенде иммундық жауап
толық болмай, бұрмаланып, омыртқа жотасында тек қана созылмалы қабыну
байқалып, тіндерінің сүйектүзгіштігі арта түседі. Иммундық жауап толық
болмай бұрмаланатындықтан, ішкі мүшелердегі қабыну үдерісі созылмалы
сипатта дамып, склерозға ұласатын сияқты.
Патологиялық анатомиясы .
Анкилозды спондилартриттен омыртқа
жотасында өрбитін деструкциялы қабынудың ұсақ буындардың тіндерінде
ревматоидтық артрит өрістететін үдерістерден айырмашылығы шамалы. Ұзақ
мерзімді қабынудың салдарынан буынның шеміршектері бұзылып, ұсақ
буындарда анкилоз қалыптасады. Буын қуыстарын жайлаған дәнекер тін
сүйекке айналады.
Сүйекте анкилоз дамып, буындағы қимыл шектеледі. Тап
осындай үдерістер омыртқалардың арасындағы шеміршекті табақшаларды да
жайлап, омыртқа жотасын мүлде қимылдатпай тастайды. Жүрек пен өкпенің де
қызметі бұзылып, кейде өкпеде қанның қысымы артады.