Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. Полипті созылмалы бронхит



Pdf көрінісі
бет389/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   385   386   387   388   389   390   391   392   ...   832
186-сурет. Полипті созылмалы бронхит. 
Созылмалы бронхит бронхылардың кәріздік әрекетін бұзады. Сондықтан 
бронхының төменгі тарамдарына жиналған заттар сыртқа шығарылмайды, ұсақ 
бронхылар мен бронхиолалардың саңылауы бітеліп, өкпе мен бронхылар 
зақымдалып, бұның ателектаз, обструкциялық эмфизема, пневмофиброз, 
созылмалы пневмония сияқты бірқатар зардаптары өрістейді. 
БРОНХЭКТАЗДАР 
Бронхэктаздар
— бронхылардың цилиндр тәрізденіп немесе қалталанып 
кеңеюі. Олар тума және жүре болады. 
Тума бронхэктаздар бронхылардың
тарамдары құрсақтағы нәрестеде дұрыс қалыптаспағандықтан дамып, сирек 
кездеседі (ӨБСА-ның 2—3%-ын қамтиды). Кейде ұсақ бронхылар өкпенің 
паренхимасында түйық аяқталып, кисталар пайда болады (
кисталы
өкпе
). 
Әдетте, қалыпты бронхыларда болатын құрылымдардың тума бронхэктаздың 
іргесінде көбінесе ретсіз жайғасатыны гистологиялық тәсілді қолданғанда 
айқын байқалады. Тума бронхэктаздың басым көбі олардың ішіне жиналған 
заттар іріңдеген кезде ғана анықталады. 
Жүре болған бронхэктаз
— созылмалы 
бронхиттің салдары. Ол жазылмаған пневмония аймақтарында, ателектаз бен 
коллапс дамыған жерлерде пайда болады. Жөтелгенде бронхылардың ішіндегі 
қысым өсіп, созылмалы қабынған бронхылардың іргесіне әсер етеді, ол жерлер 
кедергі аз жаққа қарай бұлтиып, кеңейеді, сөйтіп 
қалталы бронхэктаздар
қалыптасады. Бронхылардың саңылауы біркелкі кеңісе, онда 
цилиндртәрізді 
бронхэктаздар
орын алады (187-сурет). Қабынып кеңіген бронхиолалар 
бронхиолаэктаздар деп аталады. Олар, әдетте көп, сондықтан өкпенің кесіндісі 
ұсаққуысты келеді де, ондай өкпе бал арасының ұясына ұқсайтындықтан
«
кәрезді (сотовые) өкпе
» деп аталады.
187-сурет. Цилиндртәрізді бронхоэктаздар 
(гистотопографиялық кесінді)

Бронхэктаздық қуыстар призматәрізді эпителиймен немесе метаплазиядан 
қалыптасқан көпқабатты жайпақ эпителиймен астарланады. Бронхэктаздардың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   385   386   387   388   389   390   391   392   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет