Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет406/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   832
Байланысты:
струков патан

Даму орны өзгеше
, бөбешік пен кеңсірік-көмейдегі бадамшалардың,
жұтқыншақтың екі жақ жиегі мен артқы қабырғасының, т.б. құрылымдардың 
ангиналары да бұл аурудың ерекше нысаны. 
Созылмалы ангина
(созылмалы тонзиллит) бірнеше рет қайталанған 
(қайталамалы

ангинадан өрістейді. Бадамшаның лимфоидты тіні көбейіп
ұлғайып, қабығымен қоса шорланады. Бездің лакуналары кеңіп, эпителийінде 
ұсақ жаралар пайда болады. Кейде көмей мен жұтқыншақтағы лимфоидты 
құрылымдардың барлығы бірдей ұлғаяды. 
Жедел және созылмалы ангина кезінде жұтқыншақ пен бадамша без және, 
әдетте мойындағы лимфалық түйіндер де ұлғаяды. 
Ангинаның 
асқыну
зардаптары жергілікті және жалпы сипатты болады. 
Үдеріс бадамша бездің төңірегіне жайылса, 
паратонзиллалық
, яғни 
көмей арты 
абсцесі, көмейдің клетчаткасында флегмона
немесе 
тромбылы флебит
дамуы 


Нуржігіт Алтынбеков 
335
мүмкін. Ангина 
ревматизммен, гломеруланефритпен,
басқа да инфекциялық-
аллергиялық аурулармен асқынады. 
Сілекей бездерінің аурулары 
Сілекей бездерінде байқалатын үдерістердің ең жиісі — қабыну үдерісі. 
Сілекей бездері қабынса, 
сиаладенит
деп, ал шықшыт безі қабынса, 
паротит
деп аталады. Сиаладенит пен паротит ұйымалы немесе іріңді болады. Безге 
инфекция гематогендік және лимфогендік жолмен немесе сілекейлік өзекшелер 
арқылы (интрадуктустық жолмен) түседі. 
Сиаладениттің ерекше нысаны бар, ол — 
Шегреннің құрғақ синдромы 
(
ауруы
). Әдетте, сілекей бездерін лимфоциттер мен макрофагтар жайлап
зақымдайды. 
Шегреннің құрғақ синдромына ішкі секреция бездері қызметінің жеткіліксіздігі және 
полиартрит тән. Ол вирустардың әсерінен және генетикалық бейімділік жағдайында 
дамитын сияқты. Оның негізгі патогенездік механизмі — аутоиммундану. Бұл ауру 
ревматоидтық артрит, Хасимото жемсауы сияқты аутоиммунды аурулармен және 
вирустық аурулармен (көбіне вирустық созылмалы белсенді гепатитпен) сабақтаса 
өрістейді. Сол себепті авторлардың бірқатары Шегреннің құрғақ синдромын 
ревматизмдік аурулар тобына жатқызады. 
Сілекей бездерінде дамитын дербес аурулар тобына миксовирус қоздыратын 
эпидемиялы
(жұқпалы

паротит

цитомегалия
вирусы дамытатын цитомегалия 
ауруы және 
ісіктер
жатады («
Тіс пен жақ жүйесінің және ауыз қуысы 
мүшелерінің ауруларын»
қара). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет