Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет409/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   405   406   407   408   409   410   411   412   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
337
Микробейнесі
тұрғысынан, өңеште кариноманың: 
жайпақжасушалы, 
аденокарцинома, безді-жайпақжасушалы, безді-кисталы, мукоэпидермалық 
және
 толыспаған 
түрлері дамиды. 
Өңеш карциномасы 
метастаздарын
негізінен лимфалық жолдар арқылы 
жаяды. 
Ол көбінесе төңірегіндегі кеңірдек, асқазан, кеуде қуысы, плевра сияқты 
мүшелерге жайылып 
асқынады
. Әдетте, өңеш-кеңірдекаралық жыланкөз 
қалыптасып, аспирациялық пневмония, абсцесс пен гангрена, плевралық 
эмпиема, іріңді медиастенит өрістейді. Қылтамақпен сырқаттардың тез 
жүдейтіні көпке белгілі. 
Асқазан аурулары 
Асқазан ауруларының
ең маңыздылары – гастрит, ойық жаралы ауру және 
карцинома. 
ГАСТРИТ 
Гастрит
(грекше: 
gаster
— асқазан) — асқазанның кілегейлі қабықшасының 
қабынуы. Ол жедел және созылмалы ағымды болады. 
Ж
ЕДЕЛ ГАСТРИТ
 
Этиологиясы мен патогенезі
. Жедел гастрит асқазанның кілегейлі 
қабықшасына ерекше тітіркендіргіштер әсер еткенде дамиды. Ондай 
тітіркендіргіштер қатарына шамадан артық ішілген ас, қорытылуы қиын, суық 
немесе тым ыстық тағамдар, алкогольдік ішімдіктер, салицилаттар, 
сульфаниламидтер, кортикостероидтар, биомицин, дигиталис сияқты дәрі-
дәрмектер, бірқатар кәсіптік зиянды химиялық заттар жатады. Микробтар 
(стафилококк, сальмонелла) мен олардың токсиндерінің, заталмасу үдерісі 
өзгергенде түзілетін өнімдердің рөлі де айтарлықтай. Кейде алкоголь, сапасы 
нашар тағамдар сияқты кеселді себептер асқазанның кілегейлі қабықшасына 
тікелей әсер етіп, 
экзогендік гастрит
дамытса, енді бірде зиянды әсер қан 
тамырлары мен жүйке және гуморальдық жүйелер, иммундық механизмдер 
арқылы, яғни жанама жолмен жүзеге асып, 
эндогендік гастрит
туындайды. 
Көбіне эндогендік гастриттер тобының инфекциялық гематогендік, уремиялық 
элиминациялық, аллергиялық және іркілулік нысандары байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   405   406   407   408   409   410   411   412   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет