Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет410/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   406   407   408   409   410   411   412   413   ...   832
Байланысты:
струков патан

Патологиялық анатомиясы
. Жедел гастриттің барысында қабыну үдерісі 
асқазанның кілегейлі қабықшасын түгел жайлап, 
диффузды гастрит
немесе 
мүшенің белгілі бір бөліктерін ғана қамтып, 
ошақты гастрит
нысанында 
дамуы мүмкін. Ошақты гастриттің 
фундалдық, антралдық, пилорус-антралдық 
және пилорус-дуоденумдық 
нысандары болады. 
Асқазан кілегейлі қабықшасының 
морфологиялық
бейнесіне
қарай, жедел 
гастрит: 1) катарлы (жай); 2) фибринді; 3) іріңді (флегмоналы); 4) некрозды 
(коррозиялы) нысандарға жіктеледі. 


Нуржігіт Алтынбеков 
338
Катарлы (жай) гастрит
кезінде асқазанның кілегейлі қабықшасы су сіңіп 
ісініп, қан толып, жалқаяқ басып, қалыңдайды, Оның беткейінен қанды және 
эрозиялы ұсақ ошақтарды көруге болады. Микроскоппен зерттегенде 
дистрофия, некробиоз үдерістерімен қатар, беткейлік эпителийдің шырыш 
түзгіштігі артқаны байқалады. Эпителий сыдырылған жерлерде эрозиялар 
пайда болады. Олар тым көп болса, 
гастрит
эрозиялы
деп аталады. Асқазанның 
бездері зақымдалмағанмен, секрет түзу үдерісі тежеледі. Кілегейлі қабықшаны 
ұйымалы немесе ұйымалы-шырышты экссудат жайлайды. Оның өзіндік 
қабатына қан толып, су сіңіп ісінеді, нейтрофилдер шоғырланады; диапедездік 
жолмен қалыптасқан қанды ошақтар ұшырасады. 
Фибринді гастритте
кілегейлі қабықша қалыңдап, оның бетіне боз немесе 
сарғыш қоңыр түсті фибринді қабыршық түзіледі. Некроз кілегейлі қабықшаны 
әртүрлі қамтиды, сондықтан фибринді гастриттің 
крупті
(үстіртін некроздан) 
немесе 
дифтеритті
(терең некроздан) варианттары орын алады. 
Іріңді (флегмоналы)
гастритте
асқазанның іргесі, әсіресе кілегейлі 
қабықшасы мен қабықша астындағы қабаты тым қалыңдайды. Кілегейлі 
қабықшаның қатпарлары да тым қалыңдап, онда қанды ошақтар мен фибринді 
қабыршықтар пайда болады. Қандауырмен кескенде сарғыш жасыл түсті ірің 
ағады. Микробты, лейкоцитті экссудат кілегейлі қабықша мен қабықша 
астындағы қабатты ғана диффузды қамтып қоймай, бұлшықетті және сірі 
қабаттарды да жайлайды. Сондықтан флегмоналы гастриттің біразы 
перигастритпен
және 
перитонитпен
асқынады. Флегмоналы гастрит асқазан 
жарақатының, созылмалы ойық жара мен 
ойық жаралы карциноманың салдары 
ретінде де дамиды. 
Некрозды гастрит
, әдетте қарынның кілегейлі қабықшасын химиялық заттар 
күйдіргенде дамиды (
коррозиялы гастрит

; онда деструкция басым болады. 
Некроз кілегейлі қабықшаның үстін ғана немесе оны терең қамтып, 
коагуляциялы немесе колликвациялы болуы мүмкін. Ол көбіне эрозия мен 
жедел ойық жараға ұласады, кейде флегмоналы гастрит дамып, асқазанның 
іргесі тесіледі (
перфорация
). 
Гастриттің 
ақыры
асқазанның кілегейлі қабықшасы (іргесі) қаншалықты 
зақымдалғанына байланысты. Катарлы гастриттен кейін кілегейлі қабықша, 
әдетте толық қалпына келеді, Ал жиі қайталанған катарлы гастрит созылмалы 
гастритке ұласады. Деструкция айтарлықтай болып, флегмоналы немесе 
некрозды гастрит дамыса, кілегейлі қабықша семіп, асқазанның іргесі 
шорланып, сиықсызданады (
асқазан циррозы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   406   407   408   409   410   411   412   413   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет