Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет408/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   832
Байланысты:
струков патан

созылмалы 
эзофагит
дамиды. Өңештің іргесі су сіңіп ісініп, кілегейлі қабықшасын қан 
кернейді, кей жерлерінің эпителийі зақымдалады, лейкоплакия, склероз 
үдерістері байқалады. Туберкулезден, сифилистен өрбіген 
спецификалы 
созылмалы эзофагиттің
морфологиясы қабыну үдерісінің осы аталған 
ауруларға тән сипатында дамиды. 
Эзофагиттің ерекше бір нысаны — 
рефлюкс-эзофагит
. Ол кері аққан 
(регургитация) асқазан сөлінің әсерінен дамиды (
регургитациялық эзофагит
). 
Сөл кілегейлі қабықшаны жидітетіндіктен (
пептикалық эзофагит

, эрозиялар 
мен
ойық жаралар қалыптасады (
эрозиялы, ойық жаралы эзофагит


Өңеш карциномасы
(қазақша: 
қылтамақ

. Карцинома өңештің ортаңғы және 
төменгі бөлімдерінің аралығында, яғни кеңірдек бифуркациясымен тұстас 
келетін жерде жиі туындайды. Өңештің бастапқы және асқазанмен ұштасқан
бөлімінде бұл ісік сиректеу. Өңеш карциномасы бүкіл қатерлі ісіктердің 2—5%-
ын қамтиды. 
Этиологиясы
. Қылтамақ өңештің кілегейлі қабықшасын тым ыстық әрі қатты 
тағамдар, алкоголь, темекі ұзақ уақыт тітіркендірген жағдайда, асқорыту 
жолының созылмалы инфекцияларынан және дұрыс қалыптаспаған 
анатомиялық құрылымдардан (дивертикул, эктопиялы цилиндр тәрізді 
эпителий мен асқазан бездері) өрістейді. Бұл мүшенің ракалдылық үдерістері 
ретінде кілегейлі қабықша эпителийінің лейкоплакиясы мен ауыр дәрежелі 
дисплазиясын атаған жөн. 
Патологиялық анатомиясы. Макробейнесіне
қарай, қылтамақ: сақина 
тәрізді тығыз, бүртікті және ойық жаралы түрлерге жіктеледі. 
Сақина тәрізді 
тығыз карцинома
дамыған жерінің іргесін айнала жайлап, саңылауды 
тарылтады. Ісік жидіп, зақымдалған немесе ойық жараға айналған кезде өңеш 
қайта ас өткізе бастауы мүмкін. 
Бүртікті карцинома
асқазанның саңырауқұлақ 
тәрізді карциномасына ұқсайды. Карциноманың бұл нысаны жидіп зақымдалуға 
бейім, сондықтан ол көбіне ойық жараға айналып, төңірегіндегі мүшелер мен 
тіндерге жиі жайылады. 
Ойық жаралы карцинома
ісіктің даму барысында 
қалыптасады. Ол сопақша пішінді, өңештің ұзына бойына сәйкес жайғасады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет