Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет411/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   832
Байланысты:
струков патан

С
ОЗЫЛМАЛЫ ГАСТРИТ
 
Созылмалы гастриттің
біразы қайталамалы жедел гастриттен өрбісе, көбі 
онымен байланысты емес. 
Созылмалы гастриттің гастр-энтерологтардың IX Халықаралық конгресінде 
(1990) қабылданған 
классификациясында
, оның этиологиясы, патогенезі, 
үдерістің топографиясы, гастриттің морфологиялық типі мен белсенділік 
нышандары және ауырлық дәрежесі ескерілген. 
 


Нуржігіт Алтынбеков 
339
Этиологиясы
. Созылмалы гастрит көбіне асқазанның кілегейлі қабықшасына 
экзогендік факторлар
әсер еткендіктен дамиды. Бұл факторлар тобына 
мезгілсіз әрі ретсіз тамақтану, алкогольге құнығу, ыстық немесе суықтың, 
химиялық және механикалық агенттердің, кәсіптік зиянды және басқа да 
заттардың әсері жатады. Аутоинфекция (
Cаmруlоbаctеr
руlоrіdіs
), созылмалы 
аутоинтоксикация, жүйке-эндокриндік өзгерістер, жүрек-тамыр қызметінің 
созылмалы жеткіліксіздігі, аллергиялық жауап, кері аққан ұлтабар сөлінің 
асқазанға әсері (рефлюкс) сияқты эндогендік факторлар да зор рөл атқарады. 
Экзогендік немесе эндогендік факторлардың 
ұзақ мерзімді
әсерінен қалыпты 
регенерациялық 
механизмдер 
«бұзылып», 
асқазанның 
кілегейлі 
қабықшасындағы эпителий үздіксіз жаңарып отыра алмайтын болады. Бұл да 
созылмалы гастрит даму үшін өте маңызды жағдай. Көбіне бір емес, бірнеше 
фактордың ұзақ мерзімді әсер еткенін аңғаруға болады. 
Патогенезі
. Созылмалы гастрит аутоиммундық (гастриттің А типі) және 
бейиммундық (гастриттің В типі) болады. 
Аутоиммундық гастриттің
даму барысында париеталдық жасушаларға 
қарсы бағытталған антиденелер түзіліп, асқазанның қоршағыш жасушалы түбі 
басымырақ зақымдалады, сол себепті 
фундалдық (түптік) гастрит
дамиды. 
Қан плазмасында гастрин көбейеді (гастринемия). Қоршағыш жасушалар 
зақымдалып, хлорлы сутек қышқылы (тұз) аз түзіледі.
Гастрит бейиммундық
болса, париеталдық жасушаларға қарсы бағытталған 
антиденелер түзілмейді, сондықтан асқазанның түбі де зақымдала қоймайды. 
Негізінен мүшенің антралдық бөлімі зақымдалып, антралдық гастрит орын 
алады. Гастринемия байқалмайды, хлорлы сутек қышқылының мөлшері 
шамалы ғана кемиді. Гастриттің В типінің бірі — рефлюкс-гастрит (гастриттің 
С типі). Гастриттің В типі гастриттің А типінен 4 есе жиі байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет