Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет438/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   434   435   436   437   438   439   440   441   ...   832
С
ОЗЫЛМАЛЫ КОЛИТ
 
Созылмалы колит
— тоқ ішектің созылмалы қабынуы — біріншілік дербес 
ауру да, басқа аурудың салдары ретінде де дамиды. Кейде ол жедел колиттен 
туындаса, енді бірде ондай тектестік байқалмайды. 
Этиологиясы
. Жедел колитті дамытатын 
инфекциялар

уытты
әсерлер
және 
уытты әсерлік-аллергиялық
факторлар созылмалы колиттің де себептері. 
Жергілікті сезімталдық (ішектің) арта түссе, бұл факторлардың әсерлілігі де 
артады. 
Патологиялық анатомиясы
. Созылмалы колит кезінде алынған биоптаттан 
анықталатын өзгерістердің созылмалы энтеритте байқалатын үдерістерден 
айырмашылығы шамалы. Дегенмен, ондағы
 
қабыну үдерісі дисрегенерациялық 
үдерістермен
қатар дамып, айқындау болады және кілегейлі қабықшаны 
атрофия
мен 
склерозға
ұшыратады. Сондықтан созылмалы колит кілегейлі 
қабықша сембейтін атрофиясыз және семетін— атрофиялы түрлерге бөлінеді. 
Атрофиясыз созылмалы колит
. Кілегейлі қабықша су сіңіп ісініп, көмескі 
тартып, түйіршікті, бозғылт қызыл немесе қызыл болады да, кейде оның 
беткейінен қанды ошақтар мен эрозиялар байқалады. Призмапішінді эпителий 
аласарып, түлейді, крипталарда бокалша жасушалар көбейеді. Ал крипталардың 


Нуржігіт Алтынбеков 
359
өздері тайыздап, кеңиді, кейде ірі қуыстарға айналады (
кисталы колит


Кілегейлі қабықшаның өзіндік табақшасының кей жерлері қанталап
лимфоциттер мен плазмациттер, эозинофилдер көбіне бұлшықетті қабатқа 
дейін өрістейді. Жасушалар шоғыры кейде бірен-саран болса, енді бірде 
біркелкі жайылып, крипталарда іріңдік түзеді (
крипт-абсцесс
), ойық жаралар да 
қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   434   435   436   437   438   439   440   441   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет