Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. Алкогольдік созылмалы персистенциялы гепатит



Pdf көрінісі
бет463/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   459   460   461   462   463   464   465   466   ...   832
Байланысты:
струков патан

218-сурет. Алкогольдік созылмалы персистенциялы гепатит 
(бауыр биоптаты): майлы гепатоциттер, 
қақпалық жолдың стромасына шоғырланған лимфоциттер мен гистиоциттер.
 
Алкогольдік гепатит, әдетте циррозбен 
аяқталады
. Кейде бауыр қызметінің 
жедел жеткіліксіздігі де байқалады. 
БАУЫР ЦИРРОЗЫ 
Бауыр циррозы
— созылмалы ағымды ауру; бауыр тыртықтанып, бүрісіп, 
қалыпты құрылысынан тайып, сиықсызданады, біртіндеп қызметінің 
жеткіліксіздігі байқалады. «Бауыр циррозы» деген аталымды 1819 жылы Р. 
Лаэннек ұсынған. Бұлай атағанда ол бауырдың морфологиялық бейнесін, яғни 
оның қатты, бұдырлы, сарғыш түсін ескерген-ді (грекше: 
kіrrһоs
— жирен, 
сарғыш). 
Классификациясы
. Бауыр циррозының қазіргі классификациясында, оның 
этиологиясы мен морфологиясы, морфогенезі мен клиника-функциялық 
ерекшеліктері ескерілген. 
Этиологиясы
. Даму себептеріне сәйкес цирроз: 1) инфекциялық (вирустық 
гепатит, бауырдың паразиттік аурулары); 2) токсикалық және токсикалық-


Нуржігіт Алтынбеков 
378
аллергиялық (алкоголь, өнеркәсіп пен тағамдық улар, дәрі-дәрмектер
аллергия); 3) билиарлық (холангит, әр текті холестаз); 4) заталмасулық-
алиментарлық 
(белоктар, 
витаминдер, 
липотроптық 
факторлардың 
жеткіліксіздігі); 5) циркуляциялық (веналық қанның бауырда ұзақ іркілуі); 6) 
криптогендік нысандарға жіктеледі. 
Клиникалық тұрғыдан, бауыр циррозының бүгінгі таңда ең маңызды 
нысандары: 
бауырдың
вирустық, алкогольдік
және 
билиарлық
циррозы

Вирустық цирроз көбінесе гепатиттің В нысанынан, ал алкогольдік цирроз
әдетте қайталамалы алкогольдік гепатиттен өрістейді. Біріншілік бауыр, 
циррозы негізінен бауырдағы өт жолдарының эпителийіне қарсы бағытталған 
аутоиммундық жауаптан және өт қышқылдары дұрыс алмаспағанда дамиды; ол 
вирустық гепатиттің холангиолиттік және холестаздық нысанымен және дәрі-
дәрмектердің әсерімен де сабақтас болуы мүмкін. 
Заталмасулық-алиментарлық 
цирроздардың 
ішінде 
қордалану

яғни 
тезаурисмоздық
деп аталатын 
цирроздар
тобы ерекше орын алады. Олар 
гемохроматозбен
және 
гепатоцеребралдық
дистрофиямен
(Вильсон-
Коновалов ауруы) сырқат адамдарда байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   459   460   461   462   463   464   465   466   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет