Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет464/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   460   461   462   463   464   465   466   467   ...   832
Патологиялық анатомиясы
. Цирроздың морфологиясына негіз болатын 
үдерістер мыналар: 1) гепатоциттердегі дистрофия мен некроз; 2) 
регенерацияның қалпынан таюы; 3) диффузды склероз және 4

бауырдың 
құрылымы өзгеріп, сиықсыздануы (деформация). 
Цирроз шалған бауыр қатайып, үсті бұдырлы болады; көлемі көбіне 
кішірейіп, кейде ұлғаяды. 
Морфологиялық ерекшеліктеріне
карай, цирроз макробейнелік және 
микробейнелік нысандарға жіктеледі. Макробейнелік нысандарға жіктегенде 
регенерат-түйіндер қаншалықты қалыптасқаны, олардың көлемі мен сипаты 
ескеріліп, цирроз: шала септалы (жолақты), ұсақ түйінді, ірі түйінді және аралас 
(ұсақ-ірі түйінді) деп бөлінеді
Шала септалы цирроз
шалған бауырда регенерат-түйіндер болмайды, 
паренхимасын жарып өтетін жұқа септалар тұйық аяқталады. 
Ұсақ тғйінді 
цирроздағы
регенерат-түйіндердің диаметрі, әдетте 1 см аспайды, көлемі 
біркелкі болады. Олардың құрылысы көбінесе монолобулалы, жұқа септалы 
келеді. Ірі түйінді цирроздағы регенерат-түйіндердің диаметрі кейде 5 см жетіп, 
көлемі әртүрлі болады. Түйіндердің көбі мультилобулалы, жалпақ септалы. 
Аралас түйінді цирроздан
ұсақ және ірі түйінді цирроздардың нышандары 
байқалады. 
Цирроз кезінде бөлікшелер қалыпты құрылысынан тайып, дәнекер тін тым 
көбейеді, 
регенерациялық түйіндер (жалған түйіндер)
қалыптасады. 
Регенерациялық түйіндер көбейген гепатоциттерден түзіледі. Олардың ішін 
дәнекер тінді жолақтар жайлайды. Жалған бөлікшедегі бауыр жасушалары 
оның радиусына сәйкес жайғаспайды, қан тамырлары да дұрыс орналаспайды 
(орталық вена мүлде қалыптаспайды, порталық үштік болмауы да мүмкін). 
Микробейнесіне қарай
, цирроз: регенерат-түйіндер бауырдың бір ғана 
бөлікшесін қамтыса, — 
монолобулалы
, бірнеше бөлікшеден құрылса, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   460   461   462   463   464   465   466   467   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет