Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет471/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   467   468   469   470   471   472   473   474   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
383
Бауыр 
карциномасын 
гистогенезіне
қарай: 
1) 
бауыржасушалы 
(гепатоцеллюлалы), 
2) 
өт 
өзекшелері 
эпителийінен 
өнетін 
— 
холангиоцеллюлалы, 3) аралас (гепатохолангиоцеллюлалы) және 4) 
гепатобластома деп бөледі. 
Оның: 
тізбекті (трабекулалы
), 
түтікті (тубулалы
), 
ацинусты

солидті 
(тығыз)
және 
ашық-жасушалы
гистологиялық типтері
ажыратылады. 
Бауыр карциномасы 
метастаздарын
лимфогендік жолмен бауыр 
қақпасындағы лимфалық түйіндер мен іш пердесіне, ал 
гематогендік
жол 
арқылы өкпе мен сүйектерге жаяды. Гепатоцеллюлалық карциноманың 
жасушалары кейде секрет түзу қабілетін жоғалтпайды, сондықтан ісіктің негізгі 
түйіні мен метастаздары жасыл түске боялады. 
Бұл ауруға шалдыққандар 
гепатаргиядан
немесе зақымдалған ісіктен құрсақ 
қуысына 
қан
кетіп
өледі. Кейде науқас қатты жүдеп (
кахексиядан
) қайтыс 
болады. 
Өт қабының аурулары 
Өт қабы көбінесе қабынады немесе оның қуысына тас байланады, 
қабырғасынан ісік өрістейді. 
Холецистит
өт қабының қабынуы; түрлі себептерден дамиды. Ол жедел 
және созылмалы ағымды. 
Жедел холециститтің
катарлы, фибринді және іріңді (флегмоналы) түрлері 
бар. Жедел холецистит өт қабы тесілсе
өттік перитонитпен
, ал өт жолдары 
бітеліп, өт қабына ірің жиналса
өт қабының эмпиемасымен

іріңді 
холангитпен, холангиолитпен 
және
төңірегінде бірікпелер қалыптастыратын 
перихолециститпен
асқынады. 
Созылмалы холецистит
жедел ағымды холециститтен туындайды. Өт 
қалтасының кілегейлі қабықшасы семеді; гистиоциттер мен лимфоциттер 
шоғырланып, іргесі шорланады, кейде петрификаттар қалыптасады. 
Өт қабына байланған тастар 
өт тасты ауруға (калькулезді холециститке

ұшыратады (223-сурет). Тас өт қабын тесіп кетсе, өттік перитонит дамиды. Өт 
қабынан тас бауырдағы өзектерге немесе негізгі өт жолына «түсіп» бітесе, 
бауырастылық сарғаю
байқалады. 
Кейде өт қабында тас байланғанмен, өт жолдары қабынбайды, тіпті өт тасты 
аурудың ұстамасы да байқала қоймайды; тас мәйітті зерттегенде кездейсоқ қана 
табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   467   468   469   470   471   472   473   474   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет