Нуржігіт Алтынбеков
384
Ұйқы безінің аурулары
Ұйқы безі көбіне қабынады, кейде онда ісік дамиды.
Панкреатит
— ұйқы безінің қабынуы; жедел және созылмалы ағымды.
Жедел панкреатит
ұйқы безінің сөлі дұрыс шығарылмағанда (өзекшелер
дискенезиясы), өзегіне кері ағыстан өт түскенде (билиарлық-панкреастық
рефлюкс), алкогольмен уланғанда, дұрыс қоректенбегенде (асты тым көп
ішкенде) дамиды.
Ұйқы безі су сіңіп ісініп, онда ақшыл сары түсті (майлы)
некрозды аймақтар, қанды ошақтар мен іріңдіктер,
жалған кисталар мен
секвестрлер пайда болады. Безді қанды ошақтар жайлап кетсе, үдеріс
геморрагиялы
панкреатит
деп, ал іріңді қабыну басым болса, —
іріңді
жедел
панкреатит
деп аталады, ал некроз айқын бейнелі жағдайда —
панкреонекроз
деп атаған жөн.
Созылмалы панкреатит
жедел ағымды қайталамалы панкреатиттен өрістейді.
Ол инфекциялар мен әртүрлі
улардың әсерінен, заталмасулық үдеріс
бұзылғанда, дұрыс қоректенбегенде және бауыр мен өт жолдарының, асқазан
мен ұлтабардың ауруларымен сырқаттарда дамиды.
Созылмалы панкреатит
кезінде деструкциялы-қабынулық үдерістерден гөрі, склероз бен атрофиялық
үдерістер және ацинустық жасушалардың жаңаруы мен регенерациялық
аденомалардың қалыптасуы басымырақ орын алады.
Склерозға
ұшыраған
өзекшелерге
бездің сөлі жиналып, кисталар пайда болады. Тыртықтан бездің
сиқы бұзылады, тіні
ізбестенеді
. Ол кішірейеді, шеміршек тәрізденіп қатаяды.
Созылмалы панкреатитпен сырқаттарда кейде
қантты диабеттің нышандары
байқалады.
Жедел панкреатитпен сырқаттанғандардың
Достарыңызбен бөлісу: