Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет468/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   464   465   466   467   468   469   470   471   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
381
Цирроздың бұл нысанында порталық гипертензия жылдам дамып, бауыр 
жасушалары қызметінің жеткіліксіздігі кешірек байқалады. 
Порталық цирроздың шынайы нысаны — 
біріншілік билиарлық цирроз
. Оның 
даму негізі — іріңсіз деструкциялы (некрозды) холангит пен холангиолит. Кіші 
өт жолдарының эпителийін некроз шарпып, олардың іргелері мен төңірегіндегі 
дәнекер тінге лимфоциттер мен плазмациттер, макрофагтар шоғырланады. 
Кейде 
лимфоциттер 
мен 
эпителиоид-жасушалар, 
алып 
жасушалар 
саркоидоздық гранулема тәрізді құрылымдар түзеді. Ондай гранулемалар 
зақымдалған өт өзектерінің орнынан, бауыр қақпасының маңынан, 
шажырқайдағы лимфалық түйіндерден де ұшырасады. Зақымдалған жерлерде 
өт өзектері көбейіп, тыртықтанады, перипорталық аймаққа жасушалар 
жиналып, склероз дамиды, бөлікшелердің жиегіндегі гепатоциттер жойылып, 
дәнекер тінді жолақтар мен жалған бөлікшелер пайда болады. Сөйтіп, 
цирроздың осы нысанына тән бейне қалыптасады. Билиарлық цирроздан бауыр 
ұлғайып, қатаяды; оның кесіндісі бозғылт жасыл, үсті тегіс немесе ұсақ түйінді. 
Салдарлық билиарлық цирроздың
дамуына өт жолдарының бауырдан тысқы 
бөлігі бітелгенде (тас, ісік) байқалатын холастаз (
холестаздық цирроз
) немесе 
көбіне инфекциялық іріңді холангит пен холангиолит себеп болады 
(
холангиолиттік цирроз
). Дегенмен, бұлай жіктеу шартты. Өйткені, әдетте 
холестаз холангит өрбітсе, холангит пен перихолангиолит холестазға ұласады. 
Билиарлық цирроз кезінде өттік капиллярлар кеңіп, жыртылады да, «өтті 
айдындар» пайда болады, холангит пен перихолангиолит дамиды, 
перипорталық аймақтар мен бауыр бөлікшелерінің ішін қуалап дәнекер тін 
өседі, жалған бөлікшелер қалыптасады (
порталық типті цирроз
). Әдетте, 
бауыр ұлғайып, қатаяды, кесіндісі жасыл түсті болып, өзектерін өт кернейді. 
Аралас цирроздан
постнекроздық және порталық цирроздың нышандары 
байқалады. Ол бірде порталық циррозға тән өзгерістерге ауқымды (кейде 
дисциркуляциялық) некроз қосарланғандықтан қалыптасса, енді бірде, 
керісінше, постнекроздық циррозға тән некрозды ошақтары бар бауырда 
мезенхималық жасушалар көбейіп, бөлікшелерді «бөлшектейтін» дәнекер тінді 
жолақтар түзілгендіктен дамиды. 
Цирроз кезінде бауырдан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   464   465   466   467   468   469   470   471   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет