Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет469/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   465   466   467   468   469   470   471   472   ...   832
Байланысты:
струков патан

басқа мүшелер де
зақымдалады. Бауыр 
жасушалары қызметінің жеткіліксіздігінен холестаз бен холемия дамып, 
сарғаюлық
және 
геморрагиялық синдром
өрістейді, порталық гипертензиядан 
қақпалық веналар 
шорланып
, (кейде атеросклероз дамып), 
порто-кавалық 
анастомоздардың
(өңештегі, асқазандағы, іштің алдыңғы қабырғасындағы 
және көтеулік веналардың) 
саңылауы кеңіп, іргесі жұқарады

асцит
та 
байқалады. Ретикула-эндотелийлік элементтері көбейіп, 
талақ
ұлғаяды, 
шорланып, қатаяды (
спленомегалия
; 220-суретті қара). Бауыр циррозы гепато-
реналдық синдроммен асқынса, 
бүйрек
өзекшелерінің эпителийін некроз 
шарпып, бүйрек қызметі жеткіліксіздігінің клиникалық бейнесі көрініс береді. 
Біраз жағдайда 
бауырлық гломерулосклероз

дұрысы, 
иммун-кешендік 
гломеруланефрит

орын алып, цирроздың патогенезіне едәуір ықпалын тигізеді
ізбесті метастаздар
да ұшырасады. 
Мидың
паренхималық жасушаларында 
дистрофия дамиды. 


Нуржігіт Алтынбеков 
382
Бауыр циррозын 
клиника-функциялық
тұрғыдан сипаттау үшін: 1) бауыр 
жасушаларының қызметі жеткіліксіздігінің дәрежесі (оны бейнелейтін холемия 
мен холалемия, гипоальбуминемия мен гипопротромбинемия, тамырларды 
тарылтатын заттардың мөлшері, гипоонкия, гипотония, қанды ошақтар, 
бауырлық кома сияқты үдерістер), 2) порталық гипертензияның даму дәрежесі 
(оның асцит, өңеш пен асқазаннан қан кету тәрізді нышандары), 3) үдерістің 
қаншалықты белсенділігі (белсенді, орташа белсенді және бейбелсенді); 4) 
аурудың ағымының сипаты (өршімелі, стабильді, регрессиялы) ескерілген. 
Бауыр-жасушалық қызмет жеткіліксіздігінің дәрежесі мен порталық 
гипертензияның даму дәрежесіне қарай, бауыр 
циррозы компенсациялы 
және
 
декомпенсациялы
нысандарға бөлінеді. Цирроздың белсенділігі жайлы 
тұжырымды бауыр биоптатын гистологиялық және гистохимиялық тәсілдермен 
зерттеп, оның клиникалық нышандары мен биохимиялық бейнесін анықтап 
алғаннан кейін ғана жасауға болады. Қайта жанданған (белсенді) цирроз көбіне 
бауыр қызметінің жеткіліксіздігіне (декомпенсация) ұшыратады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   465   466   467   468   469   470   471   472   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет