Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Тіндік бөгендер жасушаларының мембранааралық арақатынасының



Pdf көрінісі
бет48/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   832
Тіндік бөгендер жасушаларының мембранааралық арақатынасының 
бұзылуы
. Қан мен мидың, қан мен өкпе, қан мен өт, қан мен бүйректің 
арасындағы бөгендердің құрылымдық негізі 

тығыз жалғамдар. Сондықтан да 
олар, әдетте эпителийде жайғасқан. Тығыз жалғамдар белоктар мен басқа да 
макромолекулалардың әр бөгендегі жасушалар жұбының арасында «тым еркін» 
алмасуына жол бермейді. Ұлпалық бөгендер зақымдалғанда көбіне 
жасушалардың тығыз жапсарларының өткізгіштігі артып (мысалы, тамыр 
ішінде гидростатикалық қысым артқанда (25-сурет), ми зақымынан дамыған 
комада, шоктан, нефроздық синдромда), эпителий арқылы жүзеге асатын 
«ағын» тым үдейді. 
25-сурет. Біріншілік билиарлық цирроз. Өт өзегімен тұстас гепатоциттер арасындағы десмосомалық 
жапсардың ажырауы (
нұсқалған
)
. 23 500.
 
Жасушалық жапсарлар құрылысының өзгерістері.
Бұл өзгерістер көбіне 
десмосомаға қатысты. Табақшасы жалғыз-ақ жасушада жақсы дамыған 
псевдодесмосмалар
(«жалған десмосомалар») ақаулы жапсарлары алшақтаған
дұрыс жиыстырылмаған немесе диссоциациялы жасушаларда байқалады. 
Жасушалардың бірінде табақша дұрыс жетілмей, 
десмососмасы асимметриялы
болуының да механизмі тап осындай сияқты. Жасушалар жапсарының 
құрылымы топографиялық тұрғыдан да дұрыс болмай, жасуша беткейінің 
әдеттегі тіршілік әрекеті жағдайында кездеспейтін жерлерінде қалыптасуы да 
мүмкін. 
Десмосомалар мен жасушалық жапсарлардың басқа типтерінің құрылысы 
метаплазия мен дисплазия дамығанда, ісік пен эмбриондық тіндерде және 
ревматоидтық артрит, псориаз сияқты ауруларда өзгереді (асимметриялы 
десмосомалар). 
Қорыта айтқанда, жасушалық патологияны адамға ортақ (жалпы) 
патологияны жиынақтап пайымдаудың негізі деп бағамдау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет