Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет44/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   832
Плазмалық мембрана 
Плазмалық мембрана
ақпараттық, тасамалдау-заталмасулық, қорғаныс пен 
түйісу сияқты әртүрлі әрекеттерді атқарады. Ақпараттық әрекетті мембрананың 
рецепторлары орындаса, тасымалдау-заталмасулық әрекетті мембрананың өзі, 
ал түйісу әрекетін жасушалық жапсарлар жүзеге асырады.
Жасушалық рецепция (сезу) және жасушалық патология 
Плазмаллемманың құрамында сыртқы ортаның әртүрлі тітіркендіру әсерін 
(«сигналды») қабылдайтын құрылымлар 

рецепторлар
бар. Олардың 
әрқайсысы гормондық, көптеген биологиялық белсенді заттардың, иммундық 
глобулиндер мен оның бөліктерінің (фрагменттері), комлементтердің құрам 
бөліктерінің, тағы басқа да әртүрлі «сигналдарды» қабылдауға арналған. 
Рецепторлар, 
әдетте 
гликопротеидтерден 
түзіліп, 
жасушаның 
мембранасынының сыртқы да, ішкі де беткейінде еркін қозғала алады, бұл 
құбылыс 
рецепторлардың латерал диффузиясы
деп аталады. Сондықтан 
рецепторларды көпқұрамды мембраналық ерекше кешен деп бағамдаған жөн.
Рецепторлық сигналды жүзеге асыратын механизмдер айтарлықтай әмбебап, 
өйткені рецепторлар аденилатциклазамен тығыз қатынастағы жүйе құрайды. 
Бұл жүйеге 3 құрам бөлік, яғни мембрананың сыртқы бетіндегі рецепторлар, 
трансдуктор (фосфолипидтер) және мембрананың ішкі бетіндегі катализатор 
(аденилатциклаза) кіреді (Авцын А.П., Шахламов В.А., 1979). Аденилатциклаза 
жасушадағы АҮФ-тің АМФ-ке айналу катализін қамтамасыз етеді. Ал АМФ 


Нуржігіт Алтынбеков 
46
болса, 
жасушалық ферменттер әсерінің 
әмбебап 
жандандырушысы. 
Мембрананың қай құрам бөлігі (мембрананың сыртқы немесе ішкі бетіндегі, 
немесе мембрананың ішіндегі) өзгерсе де, жасушалардағы молекулалар да 
өзгеретіні белгілі. Олай болса, рецепторлық ақпарат бұзылуының басты себебі 

рецепторлық кешен буындарының дұрыс әрекеттеспеуінде. 
Бірқатар аурулардың себебі 

жасушалық 
рецепторлардың
болмауы
немесе 
олардың әрекетінің 
тежелуі
(блокада). Мысалы, паренхималық немесе 
мезенхималық жасушаларда апо - және B, E-рецепторлар болмаса, 
гомозиготалық гиперлипопротеинемияның IIа типі дамиды (бұл ауру 
отбасылық эссенциалдық гиперхолестеринемия деп те аталады). Гомозиготалық 
гиперлипопротеинемиямен сырқаттарға апо- және B, E-рецепторлары сақталған 
бауырды көшіріп отырғызса, қандағы холестериннің мөлшері қалыпты 
деңгейіне дейін азайып, атеросклероз бен коронарлық ауруға тән нышандар 
жойылады. Ал идиопатиялық мембраналы нефропатияның даму себебі 
иммундық 
глобулиндердегі 
Fc-бөлікшесіне 
қатысты 
мезангиоциттік 
рецепторлардың тума ақауымен байланысты. 
Жасушалық рецепторлардың әрекеті көбіне антиденелердің әсерінен 
тоқтайды. Ондайда цитоуытты әсерге тән (белсенділікті тоқтататын немесе 
нейтрал ететін) жауаптың бір бейнесі ретінде
рецепторлардың антиденелік 
аурулары
дамиды. Бұл аурулар тобына жүйке-бұлшықеттік табақшаның 
ацетилхолиндік рецепторларына қатысты антиденелердің әсерінен дамитын 
миастения мен инсулиндік рецепторлардың әрекетін тоқтатып, жасушаны 
инсулиндік сигналды қабылдамайтындай ететін антиденелердің әсерінен 
дамитын инсулинге резистентті қантты диабет (сусамыр) жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет