Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет491/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   487   488   489   490   491   492   493   494   ...   832
Байланысты:
струков патан

Диурез қалпына келетін кезеңде
шумақтардың біразын қан кернеп, 
бүйректің су сіңіп ісінуі кеміп, жасушалар шоғыры едәуір азаяды. 
Бүйректе өзекшенің өлі эпителийімен қатар ашық түсті эпителийлік 
жасушалардан 
құрылған 
регенерат-ұялар 
болады. 
Мембраналары 
зақымдалмаса, өлі өзекшелер тез арада қалпына келеді. Өзекшесінің базал 
мембранасы жойылған нефронның орнына дәнекер тін өсіп, склероз ошақтары 
қалыптасады. 
Түрлі себептерден дамыған бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігінің 
морфологиясы ұқсас, бірақ оның даму себебімен сабақтас ерекшеліктері де бар. 
Мысалы, сулемамен (алмаспен) уланған кезде бүйректің өлі ошақтарында 
кальций тұзының ірі тұнбалары қалыптасса («
сулемалық бүйрек
»), 
гемолиздік 
бүйректің
өзекшелеріне гемоглобиннің аморфты қойыртпақтары мен 
гемоглобинді цилиндрлер жиналады. Антифризбен уланғанда өзекшелердің 
саңылауында 
кальций 
оксалатының 
кристалдары 
байқалса, 
сульфаниламидтердің әсерінен— сульфаниламидтік кристалдар шөгеді. 
Асқыну зардаптары
. Бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігінің ең ауыр 
зардабы — 
бүйректің
қыртыстық қабатының
сегментті
немесе 
тотал
некрозы
. Ол негізінен бүйректе қанайналымы тым бұзылып, ұзақ мерзімді 
ишемия дамығандықтан өрістейді. Аллергиялық механизмдердің әсерін де 
жоққа шығаруға болмайды. Бұған қыртыстық қабатында некроз дамыған 
бүйректе гиперергияның морфологиялық нышандары болып, ондай өзгерістер 
экспериментте де байқалатыны дәлел бола алады. 
Ақыры
. Гемодиализ тәсілімен емделгендер 
толық айығып
кетуі бүгінгі 
таңда таңданарлық жай емес. Дегенмен, науқас адамдардың біразы аурудың 
шок немесе олигоануриялық кезеңінде 
уремиядан
өледі
. Бүйрегінің қыртыстық 
қабатын некроз шарпығандардың да көбі өледі, бірақ гемодиализ жасап 
олардың өмірін ұзартуға әбден болады. Кейде бүйрек қызметінің жедел 
жеткіліксіздігімен сырқаттанғаннан кейін бірнеше жылдан соң бүйрек 
тыртықтанып бүріседі де, науқастың өліміне бүйрек қызметінің созылмалы 
жеткіліксіздігі себеп болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   487   488   489   490   491   492   493   494   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет