Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет492/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   488   489   490   491   492   493   494   495   ...   832
Байланысты:
струков патан

СОЗЫЛМАЛЫ ТУБУЛАПАТИЯЛАР 
Өзекшелер бітелетін (обструкциялы) 
созылмалы тубулапатиялар
тобына 
миеломалы бүйрек пен подагралық бүйрек жатады.
Миеломалы бүйрек
» парапротеинемиялы нефрозға негізделген («
Созылмалы 
лейкоздарды
» қара): миеломалық жасушаларда түзілетін төмен молекулалы 
белок — парапротеин бүйректің стромасын ластап, өзекшелердің саңылауын 


Нуржігіт Алтынбеков 
399
бітеп тастайды. Ақырында 
бүйрек бүрісіп
, кейде 
амилоидоз
дамиды. Науқастың 
өліміне бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі себеп болады. 
Подагралық бүйрек
ауруымен сырқаттардың қаны (гиперурикемия) мен 
зәрінде (гиперурикурия) несеп қышқылы көбейеді. Ол бүйректің аралық тінін 
ластап, өзекшелерін бітейді. Несеп қышқылы мен оның тұздары бүйректің тінін 
зақымдап, түбектеріндегі инфекция жанданады, сөйтіп көбінесе 
пиелонефрит
дамиды. 
Тұқымқуалайтын тубулапатиялар
өзекшелердің қызметін жүзеге асыратын кейбір 
ферменттердің 
жеткіліксіздігімен 
сабақтас. 
Тұқымқуалайтын 
өзекшелік 
ферментпатияларға: 1) полиуриялы синдром тубулапатиялары (бүйректік глюкозурия, 
қантсыз диабет, тұздық диабет); 2) рахит тәрізді аурулармен бейнеленетін 
тубулапатиялар, остеопатиялар (фосфатдиабет; глюкозаминацидуриялы рахит, яғни 
Дебре—де Тони—Фанкони синдромы); 3) нефролитиазды және нефрокальцинозды 
тубулапатиялар (цистинурия, глицинурия, біріншілік гипероксалурия, бүйрек 
өзекшелері мен байланысты ацидоз) жатады. 
Интерстицийлік нефрит 
Интерстицийлік (аралық) нефрит
деп алдымен бүйректің аралық тінін 
басымырақ зақымдап, кейін нефронды түгел қамтитын қабыну үдерісі аталады. 
Интерстицийлік нефриттер тобына жататын аурулардың ішінде ең 
маңыздылары — тубула-интерстицийлік нефрит пен пиелонефрит. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   488   489   490   491   492   493   494   495   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет