Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. Тубула-интерстицийлік жедел нефрит



Pdf көрінісі
бет494/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   490   491   492   493   494   495   496   497   ...   832
Байланысты:
струков патан

233-сурет. Тубула-интерстицийлік жедел нефрит. 
Созылмалы тубула-интерстицийлік нефриттің
даму барысында бүйректің 
стромасына, әсіресе қан тамырлары мен өзекшелердің төңірегіне, лимфоциттер 
мен гистиоциттер жиналып, склероз өрістесе, нефроциттерде дистрофиямен 
қатар регенерация дамиды. Бүйрек биоптатын электрондық микроскоппен 
зерттегенде жасушалардың арасында жанданған лимфоциттер мен макрофагтар 
көп екені және өзекшелердің бұл жасушалармен жанасқан жерлері тесіліп, 
қалыңдағаны анықталады, яғни жасушалық иммундық цитолиз орын алатыны 
байқалады. 
Ақырында
тубула-интерстицийлік нефрит нефросклерозға ұласып, оның 
айқындығы әртүрлі болады. 
ПИЕЛОНЕФРИТ 
Пиелонефрит
— инфекциялық ауру; үдеріс бүйректің аралық тінін 
басымырақ зақымдап, оның түбегін, астаушаларын, басқа да тіндерін қамтиды. 
Сондықтан да пиелонефрит интерстицийлік (аралық) нефриттер тобына 
жатады. Ол бір немесе екі бүйректі де зақымдауы мүмкін. 
Клиника-морфологиялық тұрғыдан, пиелонефрит 
жедел
және 
созылмалы
ағымды

Созылмалы 
пиелонефрит 
көбінесе 
қайталамалы
жедел 
пиелонефриттен туындайды. 
Этиологиясы мен патогенезі
. Пиелонефрит — инфекциялық ауру. Оны 
әртүрлі бактериялар (ішектік таяқша, энтерококк, стрептококк, стафилококк, 
протей, т.б.), әдетте ішек таяқшасы дамытады. Микробтар бүйрекке көбіне 
несепағардан, қуықтан, үрпі жолынан көтеріледі 
(урогендік (өрлемелі) 
пиелонефрит)
. Инфекцияның жоғары өрлеуіне қолайлы жағдайларға: несепағар 
мен түбектердің дискинезиясы, бүйректегі ішкі қысымның жоғарылауы 
(везико-реналдық және пиело-реналдық рефлюкс), зәрдің түбектерден милық 
қабаттағы веналарға қайта сорылуы (пиело-веналық рефлюкс) жатады. 
Урогендік нефриттің біразы несеп-жыныстық мүшелер ауруларының әсерінен 
несептің ағысына кедергі туындағанда дамиды (несепағар тарылғанда немесе 
онда тас түзілгенде). Сондықтан пиелонефриттің бұл нысаны жүкті әйелдерде 
жиірек байқалады. Инфекция бүйрек пен оның түбектеріне қанмен келуі де 
мүмкін 
(гематогендік (құлдырама) пилонефрит)
. Инфекцияның бұл жолмен 
таралуы іш сүзегі, грипп, ангина, сепсис сияқты бірқатар жұқпалы ауруларға 
тән. Инфекция бүйрекке лимфалық тамырлар арқылы да түседі 
(лимфогендік 
пиелонефрит)
. Онда инфекцияның көзі тоқ ішекте немесе жыныстық 
мүшелерде болғаны. 
Пиелонефрит бүйрекке инфекция түскендіктен ғана дамымайды. Ол даму 
үшін организм сезімталдығының өзгеруі немесе 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   490   491   492   493   494   495   496   497   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет