Нуржігіт Алтынбеков 402
басқа себептерден дамыған нефросклероз бен нефроцирроздан ажыратуға әбден
болады.
Асқыну зардаптары . Жедел пиелонефрит кезінде орын алған іріңді үдеріс
өрши келе, бүйректе ірі абсцестер мен
карбункулдар қалыптасады. Іріңді
қуыстар бүйректің түбектерімен жалғасып (
гидронефроз ), үдеріс бүйректің
фиброзды қабығына (
перинефрит ) және оның төңірегіндегі клетчаткаға
жайылады (
паранефрит ). Жедел пиелонефрит кезінде дамыған зәрлік стаздан
және бактериялардың тікелей уытты әсерінен пирамидалардың үрпісін некроз
шарпуы да мүмкін (
папилланекроз ). Бұл жағдай көбіне сусамырмен сырқаттарда
байқалады. Пиелонефрит сепсис ауруына да себеп болады. Іріңді аймақ
тыртықпен шектеліп, кейде
бүйректе созылмалы абсцесс пайда болады.
Созылмалы нефрит бір бүйректе өрістесе,
нефрогендік гипертония дамып,
екінші (сау)
бүйректе артериолосклероз байқалады. Егер пиелонефриттен
бүйректің екеуі де бүрісіп қалса, науқас
бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігіне ұшырайды.
Ақыры . Жедел пиелонефритпен сырқаттар көбіне айығып кетеді. Ал бұл
аурудың пионефроз, сепсис, папиллонекроз сияқты ауыр әсерлі зардаптарынан
науқас өліп кетуі де мүмкін. Созылмалы пиелонефриттің біразы бүйректі
бүрістіріп, азотемиялық
уремияға себеп болады. Егер созылмалы
пиелонефриттен
реналдық артериялық гипертония дамыса, сырқат адам
гипертония ауруына тән (миға қан құйылу, миокард инфарктісі сияқты)
зардаптардан өледі.
Тасты бүйрек ауруы (нефролитиаз) Тасты бүйрек ауруы (нефролитиаз) — бүйректің түбектері мен
астаушаларына және несепағарға көлемі, құрылысы мен химиялық құрамы
(фосфаттар, ураттар, оксалаттар, карбонаттар, т.б.) әртүрлі тас байланатын ауру.
Бұл созылмалы ауру, бүйректің сыңарын немесе екеуін де зақымдайды.