Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. Жатырдан тысқы түтіктік жүктілік



Pdf көрінісі
бет514/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   510   511   512   513   514   515   516   517   ...   832
Байланысты:
струков патан

239-сурет. Жатырдан тысқы түтіктік жүктілік:
түтіктің 
саңылауы 
мен 
қабырғасындағы 
хориондық бүрлер.
 
Түтік жыртылса
, ондағы ұрық 
өліп, қабыршықтанып қақталып 
(
мумификация
), 
«жарғақ ұрыққа 
айналады»
немесе 
ізбестенеді 
(
литопедион - тас шарана
); кейде 


Нуржігіт Алтынбеков 
417
ұрық тірі қалып, дамуы мүмкін – 
қайталанған құрсақтық жүктілік

Операция кезінде 
ұрығымен алынған жатыр түтігіндегі жүктілікті 
анықтау
үшін хорионның 
бүрлері мен децидуалық жасушалар
немесе ұрықтың 
басқа элементтері ғана негіз бола алады. 
Децидуалық жауапты
жатыр 
қырындысынан да көруге болады. 
Өздігінен түсік тастау мен бұрын босану
— жүктіліктің түрлі мерзімінде 
тоқтауы. Жүктілік 14 аптаға жетпей, ұрық түсіп қалса, 
аборт (түсік)
деп, ондай 
жағдай І4-аптадан 28-аптаға дейін аралықта байқалса, 
кешеуіл түсік
деп, ал 28-
ші, 29-ші аптада үзілген жүктілік — 
ерте босану
деп аталады. 
Өздігінен түсік тастағанда жатырдан зақымды немесе зақымсыз ұрықпен 
бірге қанды сілікпе бөлінеді. Ерте босанғанда алдымен шарана, кейін бала 
жолдасы мен оның қабықшалары туылады. Өздігінен түскен немесе жатырды 
қырнап алынған ұрық қиқымдарының құрамында ұрық қабықшалары, хорион 
бүрлері мен децидуалық тін болады. 
Үрық көбіне жатырдың кілегейлі қабықшасына толық беки алмағанда, қан 
кеткенде, ісік өскенде және басқа да себептерден кілегейлі қабықша қалпынан 
тайғанда түседі. 
Жасанды аборт
дәрігерлік көмек ретінде медицина мекемелерінде жүзеге 
асырылады; ол денсаулыққа қауіп туғызбайды. Аборт ауруханадан басқа 
жерлерде, лас жағдайда жасалса (
криминалдық
аборт

, жатырға инфекция 
түсіп, кейде 
сепсис
қаулайды. Ондай жағдайға кінәлі адам заң жүзінде жауапқа 
тартылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   510   511   512   513   514   515   516   517   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет