Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет513/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   509   510   511   512   513   514   515   516   ...   832
Патологиялық анатомиясы
.
Ұсақ қан тамыларларында диссеминациялы 
тромбоз 
дамып, ішкі мүшелерде 
ұсақ-ұсақ некрозды
және 
қанды ошақтар


Нуржігіт Алтынбеков 
416
пайда болады. Бұл оның басты бейнесі. Мәйіт сарғайып, су сіңіп ісінеді, ми, 
өкпе, жүрек, бауыр мен бүйрек ауыр зақымдалады. 
Мидың
тіні су сіңіп ісініп, 
ұсақ қан тамырларында тромбылар болады, көбіне мидың қыртыстық қабаты 
астындағы ядроларға қан құйылады. 
Өкпе
де су сіңіп ісінеді, геморрагиялы 
пневмония ошақтары қалыптасып, бірігеді. 
Жүректің
қан тамырларында 
тромбылар түзіліп, миокардта некрозды және қанды ошақтар қалыптасады. 
Бауыр
ұлғайып, қанды ошақтар көбейіп, шұбар ала болады. Микроскоппен ұсақ 
қан тамырларынан тромбылар, паренхимасынан қанды және некрозды ошақтар 
көрінеді. 
Бүйрек
ұлғайып, жұмсарады; қыртыстық қабаты ісініп, шұбар болса
милық қабаты өте толыққанды келеді. Кейде қос бүйректің қыртыстық 
қабатынан да симметриялы жайғасқан некрозды ошақтар ұшырасады. 
Гистологиялық тәсілмен бүйректің қан тамырларынан тромбылар мен 
фибриноидты некроз аймақтарын, ал нефронның негізгі бөлімдеріндегі 
өзекшелердің 
эпителийін дистрофия 
мен 
некроз шарпып, 
әсіресе 
пирамидалардың аралық тініне қан құйылғанын көреміз. 
Науқас бауыр немесе бүйрек қызметі жеткіліксіздігінен, ҚДҰ-синдромынан 
және тіршілік үшін маңызды мүшелерге қан құйылғандықтан 
өледі

Жатырдан тысқы жүктілік
кезінде нәресте жатырдан басқа жерде, яғни 
жатыр түтігінде (
түтіктік жүктілік
), аналық безде (
аналық бездегі жүктілік

немесе құрсақ қуысында (
құрсақтық жүктілік
) дамиды. Жүктілік түтікте ең 
жиі кездеседі. Жатырдан тысқы жүктілік ұрықтанған аналық жасушаның жатыр 
түтігі арқылы жылжуына (жатыр түтігі созылмалы қабынса, онда тума 
аномалия, ісік, т.б. үдерістер) кедергі туындаған жағдайда дамиды. 
Түтіктік жүктілік
көбіне жалғыз түтікте орын алады. Ұрықтанған аналық 
жасуша түтіктің құрсақ жақ ұшында дамыған түтіктік жүктілік — 
ампулалық
деп, ал жатыр жақ бөліміне бекісе, — 
интерстицийлік
деп аталады. 
Ұрық өсе келе түтікті жыртып, жатырдың жалпақ байламының арасына 
бекісе, 
интерлигаменттік
(жалғамааралық

жүктілік қалыптасады. 
Түтіктік жүктілік кезінде ұрық бекіген кілегейлі қабықшада 
децидуалық 
жауап
өрістеп, кілегейлі қабықша мен түтіктің іргесінде ірі әрі ашық түсті 
дицидуалық жасушалар пайда болады. Кілегейлі қабықшада 
ұрықтық бүрлі 
қабықша
қалыптасып, оның бүрі бұлшықетті қабат пен қан тамырларына өтіп 
кетеді, басқа да элементтерді зақымдайды (239-cурет). Жүктіліктің алғашқы 
айларында-ақ түтіктің ішіне қан кетіп, ұрық сыдырлып, түтіктің саңылауына 
бөлінеді — 
түтіктік шала түсік
. Қан сіңген өлі ұрық пен оның қабықшалары 
түтіктен оның фимбриялық ұшы арқылы құрсаққа шығарылады — 
түтіктік 
толық түсік
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   509   510   511   512   513   514   515   516   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет