Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет540/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   536   537   538   539   540   541   542   543   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
437
астыңғы жағында сүйек табақшаларынан сопақшалау келген, ерекше ұялар 
қалыптасып, олар біртіндеп жайпақ табақшаларға айналады.
245-сурет. Остеопетроз
. Сүйектік құрылымдар ретсіз жайғасқан (А.В. Русаковтан). 
Асқану зардаптары
. Сүйектер, әсіресе ортан жілік, жиі сынады. Сынған 
жерлер іріңдеп, остеомиелит дамып, кейде сепсиске ұласады. 
Өлім себептері
. Остеопетрозбен сырқаттар көбіне сәби кезінде анемиядан, 
пневмониядан немесе сепсистен өледі. 
ПЕДЖЕТ АУРУЫ 
Педжет ауруы
(деформациялы остоз, деформациялы остеодистрофия) —
сүйектің тіні патологиялық әсерден үздіксіз ыдырап, жаңарып, тез арада қайта 
құрылып отыратын ауру; сол себепті сүйек тінінің құрылымы өрнекті 
(мозаикалы) келеді. Бұл ауруды алғаш рет 1877 ж. ағылшын дәрігері Педжет 
сипаттаған-ды; ол оны қабыну үдерісіне негізделген ауру деп есептеп, 
деформациялы остит деп атады. Кейін қабыну үдерісіне негізделетіні жоққа 
шығарылып, бұл ауру дистрофиялық аурулар тобына жатқызылатын болды. 
Оның дисплазиялық тегін алғаш рет А.В. Русаков (1959) дәлелдеді. 
Бұл ауру жасы 40-тан асқан ер адамдарда жиірек байқалады, баяу өршіп, 
көбіне қартайғанда ғана біліне бастайды. Әр популяцияның 0,1—3%-ында 
аурудың білінбейтін нысаны орын алады. Үдеріс жіліктерде, бастың 
сүйектерінде (көбіне бет бөлімінде), жамбаста, омыртқада өрістейді. Ол жеке 
сүйекте немесе сүйектер жұбында (
монооссалдық
), немесе белгілі бір аймақта 
дамып (
полиоссалдық
), ешқашан сүйектер жүйесін түгел зақымдамайды; бұл 
Педжет ауруының паратиреоидтық остеодистрофиядан айырмашылығы. 
Этиологиясы
. Даму себебі белгісіз. Фосфор мен кальцийдің алмасуы 
бұзылады. Вирустық инфекция Педжет ауруына себеп бола алмайтыны 
күмәнсіз. Кейде ол тұқымқуалайды. Бұл аурудың негізі — дисплазия, 
сондықтан сүйектік тін қалыпты құрылымынан тайып, өз қызметін дұрыс 
атқара алмайды, көбіне саркомаға ұласады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   536   537   538   539   540   541   542   543   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет