Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет542/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   538   539   540   541   542   543   544   545   ...   832
Байланысты:
струков патан

жамбас сүйектерін
зақымдап, 
олар да әр жерінен немесе түгел бүлінеді. 
Микроскоппен зерттегенде
сүйек тінінің қалыпты құрылысы өзгергені және 
осы ауруға тән басқа да бірқатар ерекшеліктер байқалады. Остеолиз бен 
остеосинтез үздіксіз қабаттасып отыратындықтан, сүйек тінінің құрылысы 
өрнекті келеді. Бұл Педжет ауруына тән (246-сурет). Сүйектегі ұсақ бөлікшелер 
бір-бірімен ирек сұлбалы, айқын бейнелі, базофилді жалпақ жолақтар арқылы 
бірігеді. Сүйектің өрнек түзетін бөлікшелері ретсіз жайғасады, әдетте толық 
ізбестеніп, жіңішке талшықты немесе табақша тәрізді болады. Терең ойықты 
жерлеріне остеокластылар шоғырланып, сүйек ыдырап, кеуектенеді. Нәзік 
талшықты тін жайлап сүйектің кеңістіктері кеңи түседі. Құрамындағы қан 
тамырлары, көбіне ұлғайып, иректеледі.
246-сурет. Педжет ауруы
. Сүйектің құрылысы өрнекті (Т.П. Виноградовдан).
 
Асқыну зардаптары
. Сүйектің 
гемодинамикасы бұзылады
. Патологиялық 
өзгерістерден сүйек сынғыш келеді; саркома өседі. Зақымдалған сүйек пен 
оның тұсындағы терінің қан тамырлары кеңіп, жалпы гемодинамика да 
өзгереді. Сүйектерінің 1/3-нен астамы зақымдалғандар кейде жүрек қызметінің 
жеткіліксіздігінен өледі. Патологиялық өзгеріске ұшыраған сүйек, әдетте 
аурудың белсенді кезеңінде сынады. Деформациялы остоздың 1—10

-ы 
остеосаркомаға ұласады. Ол көбіне ортан жілік пен асықты жілікте, жамбас пен 
бет сүйектерінде, жауырында дамиды, кейде бірнеше сүйекті қамтиды. 


Нуржігіт Алтынбеков 
439
Буын аурулары 
Буынның құрамындағы элементтерде дистрофия (
артроз
) дамуы немесе 
қабыну үдерісі (
артрит
) өрістеуі мүмкін. Буындағы синовийлік қабықша мен 
шеміршектерден кейде ісік туындайды («
Ісіктерді
» қара). Артрит инфекциялық 
және ревматизмдік аурулардың («
Дәнекер тіннің жүйелік ауруларын
» қара), 
заталмасулық 
үдеріс 
бұзылуының 
(мыс., 
подагралық 
артрит, 
«
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуын
» қара) және бірқатар басқа да 
аурулардың (мыс., псориаздық артрит) салдары болады. 
Артроздардың ең маңызды нысаны остеоартроз болса, артриттерден — 
ревматоидтық артрит. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   538   539   540   541   542   543   544   545   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет