Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет541/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   537   538   539   540   541   542   543   544   ...   832
Байланысты:
струков патан

Пато- және морфогенезі
. Педжет ауруының барысында сүйек тінінің 
құрылымы үздіксіз өзгеріп отырады, бірақ қызметі мен құрылымының арасында 
сәйкестік болмайды. Остеолиз бен остеосинтездің арақатынасына қарай, 
аурудың даму барысы 3 кезеңге бөлінеді: инициалдық (остеолизді) — бастапқы, 
белсенді (остеолиз бен остеосинтезді) мен бәсең (остеосклероз) кезең. 
Инициалдық кезеңде
остеокластының әрекетінен сүйек тіні ыдырап, терең 
ойықты аймақтар қалыптасады. 
Белсенді кезеңде
остеолиз бен остеосинтез 
қатар жүреді, остеобластылар көбейіп, ойықты жерлерге жаңа сүйек түзіледі. 
Сөйтіп, ескі сүйек пен жаңа сүйек түйіскен жерде айқын бейнелі, жалпақ 
жолақтар пайда болады. Остеолиз бен остеосинтез үздіксіз кезектесіп 
отыратындықтан, сүйектің табақшалары ұсақ бөлшектерден құрылып, өрнекті 
келеді. Ал аурудың 
бәсең кезеңінде
остеосклероз басым болады. 
Патологиялық анатомиясы
. Педжет ауруы сүйектерді ерекше зақымдайды. 
Аурудың барысында 
жіліктер 
өсіп, ұзарып, үнемі өзгеріп отырады. Көбіне 


Нуржігіт Алтынбеков 
438
ортан жілік пен асықты жілік қисайып, кескіні бұранда тәрізді болады. Бірақ 
жұп сүйектердің зақымдалмаған сыңарының ұзындығы өзгермейді. Сүйектердің 
сырты бұдырлы болады, өзегін ретсіз жайғасқан сүйек табақшалары жайлап, 
тарылады, кейде мүлдем бітеліп те қалады. Сүйектің қабығын сыдырғанда 
қыртыстық қабатында көп тамырлы ұсақ өзекшелер айқын көрінеді (әдетте, ол 
өзекшелер көрінбейді). Өйткені бұл өзекшелердің іргесіндегі сүйек 
табақшалары тым ыдырап, ондағы қан тамырлары күрт кеңиді. Қыртыстық 
қабаты жұмсарып, сүйек кеуектенеді. Бірақ Педжет ауруымен сырқаттардың 
сүйегі кеуекті болғанымен, өзінің қалыпты (қан жасайтын) қызметін атқара 
алмайды. 
Бас сүйектерінен көбіне 
ми сауытына
қатысты сүйектер ғана зақымдалады. 
Олардың ішкі және сыртқы табақшалары мен ортаңғы кеуекті қабаты тұтасады, 
әр жері ыдырап немесе қатайып, сүйек тіні біркелкі кеуектенеді. Егер бет 
сүйектері зақымдалса, адамның кескіні бұзылады. Сүйек әр жерінен немесе 
біркелкі қалыңдап, 5 см дейін жетеді. Сүйектер ұлғайғанмен, ізбесі азайып, 
кеуектеніп, жеңіл келеді. 
Омыртқа жотасы
ешқашан түгел зақымдалмайды, бір немесе бірнеше 
омыртқаның әр жері ғана бүлінеді. Аурудың даму кезеңіне қарай, омыртқа 
ұлғаяды немесе жұқарады. Кесіндісінде кеуекті (остеопороз) немесе 
остеосклерозды ошақтар болады. Патология 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   537   538   539   540   541   542   543   544   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет