Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет544/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   540   541   542   543   544   545   546   547   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
440
үсті ойылмаса, үстіңгі және аралық аймақтарында «бос ойыстар», ядросы 
бүріскен хондроциттер көбейеді. Үдеріс сүйектегі шеміршектің астына қарай 
өрістейді. Остеоартроздың ІІІ кезеңінде шеміршектердің үсті түгел, ал аралық 
аймақтарының шамалы бөлігі ғана жойылып, терең ойыстар пайда болады, 
олардың 
түбі 
аралық 
аймаққа 
жетеді. 
Терең 
ойысты 
аймақта 
гликозамингликандар тым азайып, ядросы бүріскен хондроциттер көбейеді. 
Шеміршектің астындағы сүйек одан ары зақымдала түседі. Остеоартроздың 
барлық кезеңінде буынның синовийлік қабықшасы қабынып (
синовит
), 
лимфоциттер, макрофагтар шоғырланады, фиброциттер де көбейеді. 
Синовиттің ақырында қабықшаның стромасы мен қан тамырлары шорланады. 
РЕВМАТОИДТЫҚ АРТРИТ 
Ревматоидтық
артрит
— ревматизмдік аурулардың айқын бейнелі бір 
нысаны («
Дәнекер тіннің жүйелік ауруларын
» қара). 
Қаңқалық бұлшықеттердің аурулары 
Қаңқаның көлденең жолақты бұлшықеттерінде
көбіне дистрофия дамиды 
(
миопатия
) немесе қабыну үдерісі (
миозит
) өрістейді. Бұлшықеттен бірқатар 
ісіктер туындайды 

«
Ісіктерді»
қара). Миопатиялардың көңіл аударарлықтай 
нысандары —бұлшықеттік өршімелі дистрофия (өршімелі миопатия) мен 
миастениялық миопатия. 
БҰЛШЫҚЕТТІҢ ӨРШІМЕЛІ ДИСТРОФИЯСЫ 
Бұлшықеттің өршімелі дистрофиясы
(өршімелі миопатия) деген ұғым 
көлденең жолақты бұлшықеттердің әртүрлі біріншілік тұқымқуалайтын 
созылмалы ауруларына қатысты (жұлын мен шеткі жүйкелік сабақтар 
зақымдалмайды, сондықтан ол біріншілік деп аталады). Әдетте, бұлшықеттер 
жұбы симметриялы семіп, тез арада күшін жоғалтып, кейде сырқат адам 
мүлдем қозғала алмай қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   540   541   542   543   544   545   546   547   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет