Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет584/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   580   581   582   583   584   585   586   587   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
471
(жақындығына), макроорганизм жауабының сипатына, т.б. да себептермен 
байланысты. Төменде берілген аурулар бактериялық инфекциялардың алуан 
түрлілігінің бейнесі. 
ІШ СҮЗЕГІ
Іш сүзегі
— ішекте дамитын инфекциялар тобына жататын жедел ауру; нағыз 
антропоноз. Ол эндемиялы болуы да мүмкін; қазір сирек байқалып, жеңіл 
ағымды. 
Этиологиясы мен патогенезі
. Іш сүзегін іш сүзегінің таяқшасы (
Salmonella
typhi

қоздырады. 
Аурудың 
жұғу 
көзі 
— 
ауру 
адам 
мен 
бактериятасымалдаушылар. Бактерия науқастың нәжісі, зәрі, тері арқылы 
бөлініп, парентералдық жолмен жұғады. Аурудың инкубациялық кезеңі 10-14 
тәулік. Бактерия аш ішектің мықын бөліміне жетіп, эндотоксин бөледі. Ішектен 
ол лимфа арнасы арқылы лимфалық фолликулдар тобын (Пейер түйіндері) мен 
солитарлық фолликулдарға өтіп, сол аймақтан лимфа жинайтын түйіндерге 
жетіп, лимфалық бөгенді бұзып, қанға шығады; сөйтіп, бактериемия дамиды. 
Аурудың 1-ші аптасында 
бактериемия
үдей түсетіндіктен, сол кезде іш 
сүзегінің 
қоздырушысы 
қаннан 
(гемокультурадан) 
табылады. 
Және 
бактериемия инфектіні бүкіл организмге жайып, иммунитет қалыптасуына 
түрткі болады. Екінші аптада агглютинациялық реакция (Видаль реакциясы) 
қолданылса, қаннан іш сүзегінің антигені табылады. Бұл кезде аурудың 
қоздырушысы тер, сүт (бала емізетін аналар), зәр, нәжіс, өт арқылы сыртқа 
шығарылады. Осы кезеңінде ауру өте жұққыш келеді. Бактерияның көбеюіне 
әсіресе өт жолдары (өт) өте қолайлы (
бактериохолия
). Өт жолынан аш ішекке 
өткен бактериялар аурудың алғашқы кезеңінде (жұққан кезде) организм 
сенсибилизацияланғандықтан қалыптасқан гиперергиялық жауапты одан ары 
өрбітеді және лимфалық фолликулдар тобы мен солитарлық фолликулдарға 
қайта жайылып, бұл құрылымдарда некроз дамытады. Салмонелла ішектің 
микробүрін жойып (цитолиз), интерцеллюлалық (жасушаішілік) жолмен 
шырышты қабықшаға өте алатыны да дәлелденген жайт. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   580   581   582   583   584   585   586   587   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет