Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет672/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   668   669   670   671   672   673   674   675   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
537
Кемістіктің тым ақаулы түрімен сырқат сәбилер өмірінің алғашқы 
күндерінде-ақ гипоксиядан немесе кейін жүрек қызметінің жеткіліксіздігінен 
өледі. Кеуде хирургиясы жетістіктерінің нәтижесінде тума кемістіктердің 
біразын хирургиялық тәсілмен емдеп жөндеуге (коррекция) немесе ақауды 
протезбен ауыстыруға мүмкіндік туды, сөйтіп балалардың жүрегіндегі тума 
кемістіктердің ағымы мен зардабы едәуір өзгерді. Жүректің эмбриогенезі өте 
күрделі болғандықтан, оның тума кемістіктері де алуан түрлі. Дегенмен, көбіне 
кіші және үлкен қанайналымы шеңберлері дұрыс қалыптаспай, әр жері 
тарылады, дұрыс жалғаспайды немесе кейде екі шеңбер мүлде бөлек қалып, 
сәби өмір сүре алмайтын болады. Гипоксияның дәрежесі кіші қанайналымы 
арқылы қанның ағысы қаншалықты кемігеніне және өзара дұрыс жалғаспаған 
кіші қанайналымы мен үлкен қанайналымындағы қан ағысының бағыты қалай 
өзгергеніне байланысты. Осы тұрғыдан, жүрек кемістіктері 
көк
және 
ақ
типке 
бөлінеді. 
Көк типімен
сырқаттардың кіші қанайналымындағы қанның ағысы 
баяу болып, гипоксия дамиды, қан дұрыс қалыптаспаған арна арқылы ауытқып, 
оңнан солға қарай ағады. 
Ақ типіне
ұшырағандарда гипоксия байқалмайды, 
қан солдан оңға қарай ағады. Бұлай жіктеу шартты, оны кемістіктердің бәріне 
бірдей қолдануға болмайды. 
Жүректің қуыстары дұрыс бөлінбеген тума кемістіктер.
Жүректің 
қарыншааралық пердесінің ақауы
– жиі кездесетін кемістік. Жүрек 
қарыншаларының арасында, әдетте болмайтын арна қалыптасады. Оның себебі 
– жүрек перделеріне бастау болатын құрылымдардың кейбіреуі баяулау 
жетіледі. Көбіне ақау перденің дәнекер тінді (мембраналы) жоғарғы бөлігінде 
пайда болады (295-сурет). Қан ақау арқылы солдан оңға қарай ағады, сондықтан 
цианоз бен гипоксия байқала қоймайды (ақ кемістік). Кейде қарыншааралық 
перде мүлде болмайды. Ақау тым үлкен болса, жүректің оң қарыншасы 
ұлғаяды, ал кішірек ақау гемодинамикаға онша әсер етпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   668   669   670   671   672   673   674   675   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет