Асқорыту жолында эмбрионға тән кейбір құрылымдар сақталып қалатын кемістіктер . Бұл топқа кіндіктік жарық, кіндік сақинасының
кисталары мен жыланкөздері және Миккель дивертикулы жатады.
Кіндіктік жарық – құрсақтың кіндік тұсында қалыптасатын ақау. Ол ақау
арқылы сыртқа жарықтың мөлдір іргелі қалташасы шығып тұрады. Қалташада
кіндік бауы мен амнион және аш ішектің кейбір бөлімдері болады. Кіндік
жарығы құрсақта даму кезеңінің 8–10-ші аптасында ішек құрсақ қуысына
ығысқанда дамиды. Бұл кемістікті хирургиялық тәсілмен емдеуге әбден болады.
Оны
құрсақ мүшелерінің эвентирациясынан (толық ақтарылуынан) ажырата
білген жөн. Кемістіктің бұл түрінде құрсақтың іргесі мүлде қалыптаспай,
жетілмеген мүшелер ашық қалады, хирургиялық ем нәтиже бермейді. Құрсақта
даму кезеңінің алғашқы кезінде ішек түтігі мен сарыуыз қалташасын
жалғастырып тұратын сарыуыз өзегі ұзақ уақыт жартылай сақталса, кіндік
тұсында
кисталар мен
жыланкөздер пайда болады. Егер толық сақталса,
кіндік- ішек жыланкөзі қалыптасып, ол арқылы нәжіс шығып тұрады. Ал осы өзектің
кіндік тұсы толық бітелмесе, ішек кистасы (
энтерокистома ) қалыптасып, ал
ішек тұсы толық бітелмесе,
Миккель дивертикулы пайда болып, мықын ішегінің
бүйен-мықын (Баугиний) жапқышынан 25см-дей жоғарырақ жері саусақ
тәрізденіп, бұлтиып тұрады. Буылтық пен кіндік сақинасының арасында
Нуржігіт Алтынбеков 541
сарыуыз өзегінің қалдығы сақталып, дәнекер тінді жолаққа айналады. Осы
топтағы кемістіктерінің бәрі де қан кетіп, қабынып, перитонит дамып, ішек
түйнеп немесе ішек айналып (инвагинация) асқынуы мүмкін; хирургиялық
тәсілмен жақсы емделеді.