Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет671/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   667   668   669   670   671   672   673   674   ...   832
Байланысты:
струков патан

294-сурет. Гидроцефалия 
(А.В. Цинзерлингтен)

Ж
ҮРЕКТІҢ ТУМА КЕМІСТІКТЕРІ
 
Жүректің тума кемістіктері
жиілігі тұрғысынан ОЖЖ–нің кемістіктерінен 
кейін II орында. Әртүрлі деректер бойынша, жүрек кемістіктері бүкіл тума 
кемістіктердің 16–40%-ын қамтыса, перинаталдық кезеңде өлген нәрестелердің 
мәйітін зерттегенде, олардың үлесі 3–8%. 
Этиологиясы мен патогенезі
. Жүректің тума кемістіктерінің себебі алуан 
түрлі, олар белгілі бір экзогендік фактормен байланысты емес. Гендік мутация 
мен хромосомалық аберрацияның маңызы зор екені күмәнсіз. Көпқұрамды 
хромосомалық кемістіктер мен бірге дамитын жүрек кемістіктері ОЖЖ-нің 
кемістіктерінен аздау. Жүрек кемістіктері зақымдағыш агент эмбрионға 
құрсақтағы кезеңнің 3–11-ші апталарында әсер еткенде байқалады. Кемістіктің 
түрі жүрек морфогенезінің дұрыс жүрмеген кезеңдеріне сәйкес болады. 
Морфогенездің негізгі ауытқу түрлері мынадай: жүректің алғашқы қос 
бастамасы ақаулы болады; жүректің алғашқы түтікшелері дұрыс бүгілмейді;
жүрек пен басты артериялық бағанды сол және оң жақ бөлімге бөліп тұратын 
перденің қалыптасуы тежеледі немесе орны дұрыс болмайды; жүрекшелер мен 
қарыншалардың арасындағы құрсақтағы нәрестеге тән жалғамдар ұзақ 
сақталады (персистенция). 
Патологиялық анатомиясы
. Үш айға дейінгі сәбидің тума кемістікті жүрегі 
ұлғайған кезде, бұлшықет талшықтарының ультрақұрылымдары көбейіп, көлемі 
ғана ұлғайып қоймайды, шынайы гиперплазия дамып, кардиомиоциттердің 
саны да көбейеді. Олармен қатар жүректің стромасындағы ретикулалық 
аргирофилді талшықтар да көбейе түседі. Кейін миокард пен строманы 
дистрофия шарпып, микронекроздар пайда болады, біртіндеп дәнекер тін өсіп, 
диффузды немесе ошақты кардиосклероз өрістейді. 
Ұлғайған жүректің қан тамырлары компенсациялық мәнде қайта құрылып, 
интармуралдық қан тамырлар, артерия-веналық анастомоздар және өте ұсақ 
веналар (Вьессен–Тебезий тамырлары) да көбейеді. Миокардты дәнекер тін 
жайлап, жүректің қуыстарында қан ағысы үдей түскендіктен, эластикалық және 
коллагендік талшықтар көбейіп, эндокард қалыңдайды. Өкпенің қан тамырлары 
да қалпынан тайып құрылысын өзгертеді. Жүрегі тума кемістікті балалардың 
дене тұрқы баяу жетіледі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   667   668   669   670   671   672   673   674   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет