Этиологиясымен патогенезі . Айналшық (анус) пен ұрықтың құйрық
бөліміндегі басқа да кемістіктер диабеттік эмбриопатияға тән. Кемістіктердің
бұл тобының даму себептері әртүрлі.
Олардың патогенезі құрсақтағы кезеңнің 4–8-ші аптасында асқорыту
түтікшесінен айналшық (анус) қалыптаспауымен байланысты; алғашқы кезде
бұл түтікшенің екі ұшы да бітеу болатыны белгілі. Құрсақтағы кезеңнің 8-ші
аптасында ішек түтікшесіне эпителий өсіп, саңылауы бітеледі де, кейін
шырышті қабықша түзілген кезде саңылау қайта пайда болады. Саңылау қайта
ашылмаса, асқорыту жолының әр жері тарылып немесе бітеліп қалады.
Атрезия мен стеноз . Көбіне
өңеш ,
ұлтабар ,
аш ішектің бастапқы және
мықын бөлімдері,
көтен ішек пен
айналшық тарылады немесе бітеу болады.
Кемістіктің бұл түрлері тоқ ішекте сирек кездеседі. Құрсақта даму кезеңінде
өңеш пен кеңірдек алғашқы ішектен дұрыс ажырамаса, бұл кемістіктермен
қатар, кейде
кеңірдек-өңешаралық жыланкөз пайда болады (296-сурет).
Жыланкөз ауыр ағымды аспирациялық пневмонияға ұшыратады. Ішектің бір
немесе бірнеше бөлімі бітелуі мүмкін. Әр жері бітелген ішек бунақталған тізбек
түзеді. Бітеу жерлер дәнекер тіннен құрылып, жіңішкереді. Кейде ол жерлер
ішек жүргенде (перистальтика) керіліп, тесіліп (перфорация), нәресте туысымен
перитонит дамиды.
296-сурет. Кеңірдек-өңешаралық жыланкөз. Тұйықталған жоғарғы сегменті өте кеңіген; төменгі сегменті
бифуркация деңгейінде кеңірдекпен жалғасқан (А.В. Цинзерлингтен).
Көтен ішек пен
айналшықта атрезия мен стеноздың мына варианттары
байқалады: 1)
атрезия тек қана айналшықта дамып, айналшық пен көтен
ішектің арасын жұқа ғана жарғақ бөліп тұрады; 2) атрезия
көтен ішекті ғана