Нуржігіт Алтынбеков 540
қамтып , айналшықтың жоғарғы жағы толық жетілмеген көтен ішектің тұйық
ұшына тіреледі; 3)
атрезия айналшық пен
көтен ішекті қамтып , айналшық
бітеу болады, көтен ішектің тұйық ұшы жоғары жайғасады; 4)
жыланкөзді атрезия ; көтен ішек қуықпен, үрпі түтікшесімен, қынаппен, ұмамен, шатпен,
жыныс-несеп жүйесінің басқа да мүшелерімен жалғасады.
Ішектің кей жерлерінің қос қабаттануы . Көбіне ішектің шырышты
қабықшасы қос қабаттанып, бұлшықетті қабат оларға ортақ болады. Қос
қабатты жерде кейде киста, дивертикул немесе түтік қалыптасады. Бұл кемістік
қан кетіп, қабынып, некроздан тесіліп асқынуы мүмкін.
Гиршпрунг ауруы (
megacolon ) – сегменттік аганглиоз; кейде науқастың қима
немесе көтен ішегінің бұлшықетаралық (Ауэрбах) өрімдерінде нейрондар
болмайды. Бұл кемістік – ерте кезеңдік фетопатия. Шырышты қабықшаның
астындағы өрімдер (Мейснер өрімдері) зақымдалмайды, сондықтан ішектің
ганглийсіз жерлері жиырылып тырысады, жоғарырақ бөлімдеріне меконий мен
нәжіс жиналып, кеңиді, бұлшықетті қабат компенсациялы ұлғайып, шырышты
қабықшада ойық жаралар пайда болады. Науқас қатпамен сырқаттанып, ішек
түйнемесіне шалдығады.
Гипертрофиялы пилоростеноз – ерте кезеңдік фетопатия. Асқазан
қалтқысының бұлшықетті қабаты гипертрофиялы болып, қуысы тарылады. Ол –
асқазан тума кемістіктерінің ең жиі түрі; этиологиясы мен патогенезі әлі
белгісіз. Жаңа туған сәбилердің 0,3%-ында байқалып, ұл балаларда 5–7 есе
жиірек кездеседі. Кейбір отбасына тән. Асқазан қалтқысының буылтығы өте
тарылып, оның іргесі қатайып, ұлтабардың ішіне қарай бұлтыйыңқырап тұрады.
Туғаннан кейінгі 3–4 аптадан соң нәресте жиі құсып, организмде хлоридтер
азайып, кейде тіпті кома дамиды. Хирургиялық тәсілмен емделсе, науқас толық
айығады.