Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет690/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   686   687   688   689   690   691   692   693   ...   832
Байланысты:
струков патан

Патологиялық анатомиясы
. Фетопатияның бұл нысанына шалдыққан 
шарананың көбі ірі, 4–6 кг болып туады, олардың салмағы қалыпты межеден 
аспауы да мүмкін. Шарананың денесін ірімшік тәрізді ақ зат басып, терісі 
көкшіл қызылдау, петехиялы, мойны қысқа, беті су сіңіп ісіңкіреген, тұлғасы 
мен қол-аяқтарының жұмсақ тіндері іркілдеп тұрады (301-сурет), тоқпан 
жілігінде сүйектену өзегі мүлдем болмайды немесе кішіректеу келеді, шала 
жетілгендіктің басқа да нышандары байқалады. 
Гепато
– және 
кардиомегалия
орын алады. Микроскоппен зерттегенде ұйқы безінің Лангханс ұялары ұлғайып, 
β–жасушалардың көбейгені аңғарылады. Бұл жасушалар қажып, секретті 
түйіршіктерін жоғалтып (дегрануляция), көпіршіктенеді; ядролары бүріседі. 
Бауырды
диффузды 
майлы 
дистрофия 
шарпиды, 
үлкен 
көлемді 
экстрамедуллалық
қанжасам 
ошақтары
, кейде некрозды ошақтар да пайда 
болады. 
Миокардта
көпіршікті дистрофия мен микронекроз орын алады. 
Бүйректің
ирек 
өзекшелеріне 
гликоген 
жиналады. 
Талақта
да 
экстрамедуллалық қанжасағыш ошақтар қалыптасады. 
Бүйрек
пен терінің және 
көз
торының
микроциркуляциялық арнасының тамырларына ШИҚ–болымды 
зат жиналып, эндотелий көбейіп, қабырғасы қалыңдайды және қан 
тамырларының кей жерлері иректеліп, эктазиялы келеді.
301-сурет. Диабеттік фетопатия. 
Асқыну зардаптары
. Диабеттік фетопатиямен сырқат шарана мен жаңа 
туғандардың көбі туу кезеңінде гипоксияға ұшырап, туғаннан кейін олардың 
өкпесінде гиалинді мембрана түзіледі. Гиалинді мембрана антиателектаздық 
фактор 
– 
сурфактанттың 
тапшылығынан 
дамиды. 
Сурфактант 
фосфолипидтерден түзіледі; ал диабеттік фетопатиямен сырқаттарда көмірсулар 
мен липидтердің алмасуы бұзылатыны белгілі. 
Құрсақтағы және жаңа туғандар асфиксиядан немесе туу кезеңіндегі стрестен 
туындаған гипогликемиядан өледі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   686   687   688   689   690   691   692   693   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет