Нуржігіт Алтынбеков
558
жалпы бітімінен гипотрофия байқалады да, асықты
және тоқпан жіліктерінің
жоғарғы эпифизінде жаңа туған шаранада болмайтын сүйектену өзектері
қалыптасып үлгереді. Кіндіктік баудың қан тамырларындағы қанда оттегі
азаяды. Қағанақтағы судың мөлшері кемиді.
Шарана гипоксияға ұшырап,
меконий бөледі, сондықтан қағанақ суы, кіндіктік бау,
бала жолдасының
қабықшалары сарғыштау жасыл түске боялады. Гипоксия меңдегендіктен,
плацента кері дамиды (
инволюция
). Кешеуіл туғандар антенаталдық немесе
интранаталдық кезеңде гипоксиядан өлуі мүмкін.
Асфиксия (аноксия)
Асфиксия
(грекше:
а
–
кері мағыналық қосымша;
sphygmus
– соғу, лүпіл) –
тұншығу; оның салдарынан оттегінің мөлшері тез кеміп, көмір қышқылы
көбейіп, тынысалу және қанайналымы бұзылады. «Асфиксия» деген сөздің мәні
оның
мазмұнына сәйкес емес, өйткені құрсақтағы және жаңа туғандар
асфиксияға тұншыққандықтан ұшырамайды, перинаталдық кезеңдегі түрлі
себептерден
оның организмінде аноксия, дұрысы гипоксия, өрістейді.
Аноксия
–
тінде оттегінің мүлде болмауы. Еш уақытта аноксияның шынайы түрі
байқалмайды; әдетте гипоксия орын алады.
Гипоксия
– шарананың тіндерінде
оттегінің тым кемуі немесе жеткіліксіздігі. Сонымен, құрсақтағы шаранада
немесе жаңа туғандарда оттегінің жеткіліксіз болуын «асфиксия»
деп атау
дұрыс емсе. Дегенмен, бұл термин медицинада орнығып,
кең қолданыс тауып
кеткен.
Асфиксия перинаталдық патологияда басты орын алады: анте- және
интранаталдық кезеңдерде де, туу кезеңінен кейін де дами береді.
Анте- және
интранаталдық кезеңдердегі асфиксия
құрсақтағы шарананың асфиксиясы
деп,
туу кезеңінен кейін дамыса,
жаңа туған нәрестенің асфиксиясы
деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: