Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет705/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   701   702   703   704   705   706   707   708   ...   832
Байланысты:
струков патан

Пневмапатиялар 
Пневмапатиялар
өкпеде өзгерістер дамып, жаңа туғандарды асфиксияға 
ұшырататын үдерістер. Жаңа туғандарда байқалатын пневмапатиялар 
біріншілік және салдарлық ателектаздар, сулы ісінулік-гемморагиялық синдром, 
өкпенің гиалинді мембраналары жатады. 


Нуржігіт Алтынбеков 
560
Ателектаз
туа керілмеген өкпеде дамыса, біріншілік деп, ал бұрын дем алған 
өкпеде дамыса, салдарлық деп аталады. Қос 
өкпені түгел жайлаған біріншілік 
ателектаз
өлі туғандарда байқалады. 
Біріншілік ошақты ателектаз
өкпесі 
туғанда шала керілген нәрестелерге тән. Қағанақтағы заттар тынысалу 
жолдарын тарылтқандықтан дамыған ателектаз – 
обтурациялы салдарлық 
ателектаз
деп аталады. Ателектаздар көбіне шала туғандарда байқалады. 
Өйткені олардың өкпесіндегі эластикалық тін мен антиателектаздық сурфактант 
жүйесі шала жетілген, сондықтан өкпенің альвеолалары оңай қабысады. 
Антиателектаздық фактор – сурфактант – альвеолалық эпителий түзетін липопротеид. 
Электрондық микроскоппен зерттегенде оның осмийфилді түйіршіктерін жетіліп туған 
шарананың өкпесінен ғана көруге болады. 
Асфиксия мен туу кезеңіндегі жарақаттың салдарынан ми сауытының ішіне 
қан құйылып, тынысалу әрекеті бұзылса да ателектаз дамиды. 
Сулы ісінулік-геморрагиялық синдром
кезінде өкпенің капиллярларын қан 
кернеп, қабырғасының өткізгіштігі артады. Сол себепті өкпенің барлық бөлімі 
сулы ісініп, тінінде қанды ошақтар пайда болады (305-сурет). Бұл синдромға
көбінесе гиалинді мембраналар синдромы немесе гиалинді мембраналар ауруы 
қосарланады.
305-сурет. Сулы ісінген және қанды дақты өкпе. 
Өкпенің гиалинді мембраналары
– өкпенің респирациялық бөлімдерінде 
түзіліп, эозинмен қанық қызыл түске боялатын, тығыздау, сақина пішінді
белокты заттар (306-сурет). Иммун-флюоресцентік микроскоппен зерттегенде 
гиалинді мембрананың негізі фибриннен түзілетіні анықталған; ол өкпедегі 
газалмасулық үдеріске кедергі туғызады. Бұл синдромның ағымы қатерлі – 
жаңа туғандардың 40%-ы 14–36 сағат аралығында асфиксиядан өледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   701   702   703   704   705   706   707   708   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет