Нуржігіт Алтынбеков
561
жиналған фибриноген фибринге айналып, гиалинді мембрананың негізін
қалайды. Өкпе тінінің фибринді еру қабілеті төмен болғандықтан, фибрин мен
басқа да плазмалық белоктар ерімей тығыздала түсіп, альвеолалар мен
альвеолалық жолдардың қабырғасымен тығыз бірігіп, гиалинді сақиналар
түзеді. Өкпенің гиалинді мембраналары мен
сулы ісінулік-геморрагиялы
синдромы шала туғандарда жиірек, ал жетіліп туғандарда сиректеу кездеседі.
Жетіліп туғандардың ішінде бұл синдромдар жүрегі тума кемістіктілерінде, туу
кезеңінде бассүйегінің іші жарақаттанғандарда немесе диабеттік фетопатиямен
сырқаттарда байқалады.
Пневмониялар
Жаңа туғандарда кездесетін пневмониялардың ең жиі нысаны –
аспирациялық
пневмония
. Оны, әдетте коктар дамытады. Қоздырушы интранаталдық кезеңде
немесе шарана туғаннан кейін көбіне қағанақ суына араласып тынысалу
жолына өтеді. Пневмония өкпесіне
аппаратпен ауа жіберіп, жасанды тәсілмен
тыныс алдырылған нәрестелерде жиі байқалады.
Жаңа
туғандарда
дамыған
аспирациялық
пневмонияның
өзіндік
морфологиялық бейнесі бар – бронхылар мен альвеолалық жолдарда тыныс
алғанда қағанақ суынан түскен қатты заттар болады. Жаңа туғандарда, әсіресе
шала туғандарда пневмопатия көбіне вирустық-бактериялық пневмонияға
ұласады. Бұл пневмонияда қабыну үдерісінің альтерациялық компоненті басым.
Достарыңызбен бөлісу: