Нуржігіт Алтынбеков 557
Перинаталдық патология Перинаталдық кезең деген аталымның тура мәні – «босану кезеңінің
төңірегі». Бұл кезең шарананың құрсақтағы даму мерзімінің 196-шы күнінен
(жүктіліктің 28-ші аптасынан) басталып, туылғаннан кейінгі 1-ші аптаны
қамтиды. Жүктіліктің 28-ші аптасында шарананың салмағы 1000 г, бойы 35 см
болады. Бұндай шарана өмір сүруге жарамды деп есептеледі. Салмағы бұдан
кем туылған шарана «түсік» деп аталады. Қазір салмағы бұл шамадан кем
шараналар да өмір сүруге жарамдылық байқалтып жүр.
Жаңа туған нәресте деп – өз бетімен тыныс алған шарана аталады.
Өлі туған нәресте деп – туысымен өз бетімен де, жасанды тәсілмен де тыныс
алмаған шарана аталады; оның жүрегі біраз уақыт соғып тұруы да мүмкін.
Өлі туған және алғашқы 7 тәулікте өлген нәрестелер
перинаталдық өлім -
жітімді құрайды. Перинаталдық өлім-жітім
промильмен есептеледі. Бұл
көрсеткішті айқындау үшін, бүкіл туылған нәрестелердің әр мыңында өлі туған
және алғашқы 7 тәулікте өлген нәрестелердің үлесі қанша екені анықталады.
Перинаталдық кезең және ол кезеңде байқалатын патология мен өлім-жітім
антенаталдық (тууға дейінгі),
интранаталдық (туу кезіндегі) және
постнаталдық (туғаннан кейінгі), яғни
неонаталдық деп жіктеледі.
Шала туғандық және кешеуіл туғандық Шала туғандарға салмағы 2500 г, бойы 45 см кем жаңа туғандар
жатқызылады.
Шала туудың себебі көп: жүкті әйелдің жыныстық мүшелерінің аурулары,
жедел және созылмалы инфекциялар, ауыр әсерлі жүктіліктік токсикоз
(
нефропатия ,
эклампсия ), ана мен шарана қанының үйлеспеуі, т.с.с.
Шала туғандықтың мынадай морфологиялық нышандары бар: нәрестенің
бетінде, иығы мен арқа тұсында ұзын түк (
lanugo ) болады, құлағының қалқаны
жұмсақ келеді, саусақтары мен башпайларының тырнағы шала жетіледі. Ұлдың
ені ұмасына түспейді, қыз баланың сүйектері жұмсақтау болады. Жіліктердің
эпифизінде
сүйектену өзегі (ядросы) болмайды. Ал толық жетілген шарананың
тоқпан жілігіндегі сүйектену өзегінің (
Беклар ядросының ) диаметрі 5–7 мм
болатыны белгілі.