Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. Мишықтың жыртылған жамылғысы



Pdf көрінісі
бет710/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   706   707   708   709   710   711   712   713   ...   832
308-сурет. Мишықтың жыртылған жамылғысы 
(М.А. Скворцовтың препараты)

Бастың сүйектері
майысып, жарылып, кейде сынып зақымдалады; 
акушерлік қысқыш қолданылса, көбіне төбе сүйектері сынады. 
Акушерлік көмектің зардабынан омыртқа сүйектері сынса, 
жұлын
жарақаттанады
. VI мойын омыртқа бұлшықетпен толық қоршалмаған, 
сондықтан көбіне жұлынның осы тұсы, кейде басқа да бөлімдері зақымдалады. 
Қан мидың қатты қабығының астына құйылып, кейін төмен қарай жайылады. 
Сонымен, бассүйектері мен жұлын жарақаттарының көбі – негізінен акушерлік 
жарақаттар. 
Қаңқа сүйектерінің 
ішінде жиі сынатыны – бұғана
(307-суретті қара). 
Әдетте, ол ортанғы және шеткі үштен бір бөлігінің аралығынан сынады. 
Мойын мен иықтағы жүйкелік түбірлер жарақаттанғандардың 
қолы
мен 
диафрагмасын
сал соғады. 
Тері шел майының жарақаттары
көбіне ірі 
шаранада байқалады, некрозды ошақтарда липогранулема қалыптасады. 
Кеуде-
бұғана-үрпітәрізді бұлшықеттер
үзілсе, нәрестенің мойны қисайып қалады. 
Микроскоппен зерттегенде бұлшықет шала жетіліп, дәнекер тінді тыртық 
жайлаған жерлерді көреміз. Бұл зақым пренаталдық кезеңде пайда болатын 
сияқты. Зақымды бұлшықет туу кезеңінде оңай үзіледі. Құйымшағымен туған 
шарананың кейде сыртқы жыныстық мүшелері қанталайды. Ер балалардың ені 
қанталап, 
гематоцеле
дамиды. Кейде инфекция түсіп, гематоцеле іріңдейді. 
Ішкі мүшелердің ішінде ең жиі зақымдалатыны – бауыр мен бүйрекүсті бездері. 
Бауырдың
паренхимасы жыртылып, қабығының астына қан құйылады. 
Гематома жыртылып, іш қуысына қан кетсе, шарана қансырап өледі. Ұсақтау 
субкапсулалық гематомалар бауырдың паренхимасы жыртылмай-ақ, нәресте 
гипоксияға немесе геморрагиялық ауруға шалдыққанда пайда болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   706   707   708   709   710   711   712   713   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет