Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет722/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   718   719   720   721   722   723   724   725   ...   832
Нуржігіт Алтынбеков 
572
312-сурет. Герпестік некрозды энцефалит. 
Қан тамырларының айналасына шамалап лимфоидтық 
жасушалар шоғырланған. 
Герпестік инфекция құрсақта жалпы сипатта
дамып, басқа мүшелермен 
қатар, ОЖЖ-ны да қамтиды. Кейде тек қана ОЖЖ-де дамып, 
локальды
болады 
немесе 
шырышты-терілік
герпес орын алады. Вирус анадан шаранаға 
антенаталдық немесе интранаталдық кезеңде плацента арқылы немесе өрлемелі 
жолмен жұғады. Жұғу көзі – ананың жыныстық мүшелеріндегі созылмалы 
қайталамалы герпес пен білінбеген вирус тасымалдаушылық. Герпес 
жүктіліктің соңғы айларында асқынса, оның шаранаға жұғу қаупі 40%-дай. 
Жалпы герпеспен ауру нәрестелердің 80%-ы, ал ОЖЖ ғана дербес 
зақымдалғандардың 40%-ы шетінейді. Шырышты-терілік герпеспен аурулар 
қосымша бактериялық инфекциялардан ада болса, көбіне айығып кетеді. 
Тума герпестің жалпы жайылған нысанымен
сырқаттардың көбінің терісі 
мен шырышты қабықшалары зақымдалмайды. 
Бауыр
ұлғайып, паренхимасында 
диаметрі 2–3 мм, сарғыштау ақ түсті, ұсақ ошақтар болғандықтан, оның 
кесіндісі тарғыл тартады. 
Бүйрекүсті бездерінің қыртыстық қабатында
қанды дақтар пайда болып, 
өкпеде
ұсақ ошақты пневмония өрістейді. 
Мидың

әсіресе қарыншаларының төңірегінде, маңдай бөлімінде, таламустың асты мен 
үстінгі аймақтарында әзер көрінетін некрозды ошақтар болады. Кейде ошақты 
глиоз бен шамалы гидроцефалия орын алады. Бауырды микроскоппен 
зерттегенде бөлшектену үдерісі басым болып, коагуляциялы некроз байқалады. 
Некроз бүйрекүсті бездерінде, талақта, бүйректе, сүйек кемігінде дамып, өкпе 
мен миды дистрофия шарпиды. Бауырда некроз ғана дамып қоймай, 
гепатоциттердің жайғасу реті бұзылып (дискомплексация), дистрофияға 
ұшырайды, некрозды аймақтардың төңірегіне шамалап лейкоциттер мен 
лимфоциттер шоғырланады. Вирустың ядроішілік базофилді қосымшалары 
басқа мүшелерге қарағанда бауырда көбірек болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   718   719   720   721   722   723   724   725   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет