Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


сирек байқалса, оның құрсақтағы және постнаталдық  инфекциялардан туындайтын –  жүре болатын нысандары өте



Pdf көрінісі
бет716/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   712   713   714   715   716   717   718   719   ...   832
сирек
байқалса, оның құрсақтағы және постнаталдық 
инфекциялардан туындайтын – 
жүре болатын нысандары
өте
жиі
кездеседі 
(«Инфекциялық фетопатияларды»
қара). 
Жаңа туғандардың гемолиздік ауруы 
Жаңа туғандардың гемолиздік ауруы
– ауыр ағымды фетопатия немесе
неонаталдық кезеңнің ауруы; ол ана антиденелерінің шаранаға немесе жаңа 
туғандардың организміне әсерінен туындайды. 
Этиологиясы мен патогенезі
. Бұл ауру ана мен шарана қанының резус-
фактор сәйкессіздігінен (ана–резус-болымсыз, шарана–резус-болымды) дамиды. 
Резус-фактор
(фактор D) шарананың эритроциттерінде болады; шарананың 
қаны плацента арқылы ананың организміне өтсе, ананың қанында шарананың 
эритроциттеріне қарсы антиденелер түзіледі.
Ананың организмі шарана қанының өте аз (1 мл) мөлшерінен-ақ 
иммунданады. Дегенмен, гемолиздік ауру қанының резусы анасының 
қанындағы резуспен сәйкессіз болып туған әр 200 нәрестенің біреуінде ғана 
байқалады. Бұл ауру анадағы антиденелердің әсерінен нәрестенің эритроциттері 
бұзылғандықтан дамиды. Гемолиздік ауру екінші немесе одан кейінгі 
жүктіліктен туған нәрестелерде жиірек байқалады, өйткені әр жүктілік сайын 
ана организмі иммундана түседі. Ал бірінші жүктілікте иммундану деңгейі 
төмен, көбінесе нәресте гемолиздік ауруға ұшырамайды. Ананың организмі 


Нуржігіт Алтынбеков 
568
резус-факторлы қанды құйғанда немесе сондай қанмен емдегенде де 
иммунданады. Егер 
ана мен шарананың қаны топтық тұрғыдан ғана
сәйкес 
келмесе, 
гемолиздік аурудың ағымы жеңілдеу
болады. Мысалы, ана қанының 
тобы 0, ал шарананың қаны А немесе В топқа жатса, гемолиздік аурудың 
2
/
3
-і 
резус сәйкессіздіктен, ал 
1
/
3
-і А, В, 0 факторлар сәйкессіздігінен туындайды. 
Классификациясы
. Гемолиздік ауру клиникалық тұрғыдан, жалпы тума сулы 
ісіну, жаңа туғандардың тума анемиясы және жаңа туғандардың ауыр әсерлі 
сарғаюы деп аталып, 3 негізгі нысанға бөлінеді. Гемолиздік аурудың нысандары 
антиденелердің анадан шаранаға өткен мезгілі мен мөлшеріне, әсер еткен 
мерзіміне байланысты. Антидене құрсақтағы шаранаға ерте кезеңде өтіп, көп 
мөлшерде әсер етсе, ерте кезеңдік фетопатия дамиды немесе шарана 
антенаталдық кезеңнің 5–7-ші айында өлі туады. Созылмалы фетопатияға 
ұшыраған нәрестенің тіндері кейде дұрыс жетілмейді. Гемолиздік аурудың сулы 
ісінулі ауыр нысаны (
hydrops faetus universalis
) да бар. Егер анадағы 
антиденелер кешеуілдеп, шамалы мөлшерде өтсе, аурудың жеңілдеу анемиялы 
нысаны орын алады. Билирубин плацента арқылы шығарылып тұрады, 
сондықтан гемолиздік аурудың сарғаюлы нысаны құрсақтағы шаранада сирек 
байқалады. Туу кезінде антиденелер тым көп мөлшерде өтсе, жаңа туғандарда 
гемолиздік аурудың сарғаюлы ауыр нысаны 
(icterus neonatorum gravis)
дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   712   713   714   715   716   717   718   719   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет