Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет718/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   714   715   716   717   718   719   720   721   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
569
жетіліп туса, бүйрегінде ұрыққа тән шумақтардан құрылған ауқымды аймақтар 
болады.
311-сурет. Жетілген шарананың гемолиздік ауруының 
сулы ісінулі нысаны. 
Кардио-, гепато-и спленомегалия
 
(П.С. Гуревичтің препараты).
 
Гемолиздік 
аурудың 
анемиялы 
нысанымен
шала 
туғандар 
жиірек 
сырқаттанып, олардың терісі мен сырттан 
көрінетін шырышты қабықшалары бозарып, 
тіндері кейде іркілдеп тұрады. Бауыры мен 
талағы едәуір ұлғайып, микроскоппен 
қарағанда 
шамалы 
эритробластоз 
байқалады. 
Сырқат 
балалар 
көбіне 
пневмониядан өледі. 
Бұл аурудың 
туу кезінде өрістеген 
сарғаюлы ауыр нысанымен
сырқаттардың 
денесі туғаннан соң, 1–2 тәулікте, тез 
сарғаяды. Егер тиісті шара (қанды 
алмастыру) қолданылмаса, нәрестенің миы 
ауыр 
зақымдалып, 
билирубиндік 
энцефалопатия
дамиды («
Дистрофияны
» 
қара). 
Билирубиннің 
уытты 
әсерінен 
көбінесе ми қыртысының астындағы 
бөлімдер – гиппокамп пен ромбы тәрізді 
шұңқыршаның түбіндегі, төменгі олива мен гипоталамустағы ядролар, боз ядро 
мен мишықтың тісті ядросындағы гангийлік жасушалар зақымдалып, тіпті 
жойылып та кетеді. Кейде ми сыңарларындағы жасушалар да зақымдалады. 
Аталған ядроларды билирубин қоңырлау жасыл түске бояп, мәйітте 
ядролық 
сарғаю
дамиды. Мидың ұсақ тамырлары зақымдалады, сондықтан гипоксия 
үдеп, мидың тіні ауыр өзгеріске ұшырайды. Бауырды эритробластоз бен 
гемосидероз жайлап, өт іркіліп (стаз), тромбылар, кейде тіпті өт тастары 
түзіледі; бүйректе билирубиндік инфарктілер болады. Талаққа гемосидерин 
шөгеді; қоңырлау қызыл реңге боялып, қатаяды. Эритробластозды ошақтарды 
қамтыған көлемі бұл аурудың сулы ісінулі нысанындағыдан кішіректеу болады. 
Гемолиздік аурумен сырқат баланың ОЖЖ-сі ақаулы болып, кейде нақұрыстық 
(идиотизм) байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   714   715   716   717   718   719   720   721   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет