Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет720/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   716   717   718   719   720   721   722   723   ...   832
Байланысты:
струков патан

Патологиялық анатомиясы.
Шектелген герпестің жайылма нысанымен
 
сырқаттардың ернінің қызыл жиегінің, бет терісінің, аузының қызыл иегінің


Нуржігіт Алтынбеков 
571
мұрнының, көзінің конъюнктивасының, жыныстық мүшелерінің эпителийі 
зақымдалады. Зақымды жер ісініп, қызарып, бір немесе бірнеше везикула пайда 
болады. Везикуланың ішіне ұйымалы немесе ұйымалы-қанды экссудат 
жиналады, төңірегі сулы ісініп, гиперемия байқалады. Егер жарақаттанса, 
орнында эрозия немесе шағын жара қалады. Жара кебірсіп, қабыршақтанып, 
кейін қабыршығы түсіп қалады. Микроскоппен эпителийдің баллонды 
дистрофияға ұшырап жойылғанын, эпидермиске ұйымалы жалқық жиналғаны 
көрінеді. Дерманың тіні сулы ісініп, тамырларын қан кернеп, олардың 
төңірегіне лимфоциттер мен гистиоциттер шоғырланады. Везикуланың жиегіне 
алып жасушалар жинақталады. Эпителийлік 
жасушалардың ядросының ішінде
ашық аймақпен қоршалған 
базофилді қосымшалар
– 
Коундри денешіктері
(бұл 
қосымшаның герпес вирусына қатысты екенін осы автор анықтаған) болады. 
Электрондық микроскоппен зақымдалған жасушалардың ядросынан вирустың 
капсидін көреміз. Вирустың ұсақ бөлікшелері жетіле келе, капсидтер 
цитоплазмаға өтіп, вакуольдің ішіне жайғасады. Жасуша өлсе, ішіндегі вирус 
босайды. 
Герпестік некрозды жедел менингэнцефалитті
герпес вирусының II типі 
туындатады, сирек кездеседі. Науқастардың 80-90%-ы өледі, тірі қалғандары 
ауыр деменцияға ұшырайды. Герпестік менингэнцефалит вирус алғаш рет 5 ай 
мен 2 жастың аралығында жұққан балаларда жиірек кездесіп, олардың 8%-
ының ғана терісі зақымдалады. Эксперименттік деректерге сүйенсек, вирус 
гематогендік
жолмен
ғана емес, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   716   717   718   719   720   721   722   723   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет