Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет783/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   779   780   781   782   783   784   785   786   ...   832
Нуржігіт Алтынбеков 
616
Вибрациялық аурудың негізі — 
вибрациялық ангиотрофикалық невроз
. Оның 
басты клиникалық нышандарының бірі — кіші көлемді және ірірек қан 
тамырларының жиырылып, тарылуы (спазм). Бұл тамырларда кейде атония 
(босаңсу) да байқалады. 
Патологиялық
анатомиясы
. Тойтарып шегелейтін балғашылардан алынған 
биоптаттарды зерттегенде, қан тамырлары спазмға ұшырап, 
облитерациялы 
эндартериит
тектес өзгеріс өрістейтіні байқалған (347-сурет). Қан тамырлары 
зақымдалғандықтан, тері мен тырнақта заталмасулық үдеріс бұзылып, 
саусақтар мен табанды гангрена шарпиды. Ұзақ мерзімді қысымның әсерінен 
және жұлын мен шеткі жүйкелік сабақтары зақымдалғандықтан, білектің, 
жауырынның үстіндегі және иықтағы бұлшықеттер семеді. 
Сүйек-буын аппараты, әсіресе иық пен шынтақ буындарындағы, қолдың 
басындағы сүйектердің сіңірлері, бұлшықеттері, буын қапшықтары, 
шеміршектері, сүйектің буындағы беті мен буынға жуық жерлері зақымдалады; 
кальций тұздары шөгіп, сіңірлер сүйекке айналады. Сүйектің тіні сиреп, 
қуыстар пайда болады, кей жерлері шорланып, ізбестенеді. Ондай өзгеріске 
көбінесе білезіктегі сүйектердің басы және кәрі жілік пен оның шыбығы 
ұшырайды. Склерозды ошақтармен қуыстар, әдетте білезіктегі жарты ай, науа 
тәрізді және жұмыр басты сүйектерде жиі байқалады. Сүйектің қуысты жерлері 
кейде өздігінен сынып та кетеді. Деформациялы артроз дамуы да мүмкін. 
347-сурет. Вибрациялық ауру. 
Қан тамырындағы облитерациялы эндартериит тектес өзгерістер. 
Вибрациялық ауруға шалдыққандардың сүйегі мен буынындағы тіндердің 
физикалық және химиялық қасиеті өзгеріп, құрамындағы коллоидтардың 
дисперсиялылығы бұзылады. Сол себепті, сүйектің тіні кальцийді сіңіре 
алмайтын болады.
ЭЛЕКТР-МАГНИТТІК РАДИОЖИІЛІКТЕГІ ТОЛҚЫНДАР ӘСЕРІНЕН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   779   780   781   782   783   784   785   786   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет