Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет96/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   832
Кальций алмасуының бұзылуы 
Кальций
– жасуша мембраналарының өткізгіштігіне, бұлшықет-жүйкелік 
құрылымдардың қозғыштығын, қанның ұюына, қышқыл-негіздік ортаның 
жағдайына, қанқаның қалыптасуына және басқа да үдерістерге қатынасатын 
элемент. 
Кальций организмге аспен түсіп, аш ішектің қолайлы қышқыл реакциялы жоғарғы 
бөлімінде фосфаттар түрінде 
сіңіріледі
(адсорбция). Кальций ішекте сіңірілуі үшін 
кальцийдің ерігіш фосфаттары түзілуін катализдейтін витамин D-ның маңызы зор. 
Кальцийдің дұрыс 
жұмсалуын
белоктық коллоидтар мен қанның рН-шы қамтамасыз 
етеді. Босаған кальцийдің қан мен тін шырынындағы концентрациясы тұрақты (0,25-0,3 
ммоль/л). Кальций тұздары сүйектің органикалық негізіне қосылып, онда кальцийдің 
негізгі 
қорын
(кальций 
депосы
) түзеді. Кальцийдің мөлшері сүйектің тығыз затында 
айтарлықтай өзгермейтін стабильді, ал эпифиз бен метафиздердің кеуекті затында үнемі 
өзгеріп, лабильді болады. Кальцийі «шайылып», сүйектің еру үдерісі (резорбция) кейде 
лакунарлы, енді бірде, кеуектену арқылы жүзеге асады. Сүйектің 
лакунарлы еруін
остеобластылар жүзеге асырса, 
кеуектене
және 
тегіс
еруі
жасушасыз дамып, «сұйық 
сүйек» қалыптасады. Тіндегі кальций Косстың күмістендіру тәсілімен анықталады. 
Кальцийдің организмге аспен түсуі мен қордаланатын жерлерінен шығарылу мөлшерін 
тоқ ішік, бүйрек, бауыр (өт арқылы) және кейбір бездер реттейді. 
Кальцийдің алмасуы нейро-гуморальдық жолмен 
реттеледі
. Бұл үдерісте қалқанша 
бездің кальцитонинінің, қалқанша маңындағы бездің паратгормонының маңызы зор. 
Қалқанша маңындағы бездің жұмысы нашарлап (паратгормон кальцийдің сүйектен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет