Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет97/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
91
шығуын реттейді), кальцитонин көп түзілсе (кальцитонин кальцийдің қаннан сүйекке 
ауысуын жандандырады), қанда кальций азаяды; ал керсінше, қалқанша бездің жұмысы 
үдесе, немесе кальцитононин аз болса, сүйектерден кальций «шайылып», 
гиперкальциемия дамиды. 
Кальций алмасуының бұзылуы – 
кальциноздар

ізбесті дистрофия
, немесе 
ізбестену
деп аталады. Оның даму барысында ерітіндідегі кальций тұздары 
тұнып, жасушалар мен жасушааралық затқа шөгеді. Ізбестену ошағының 
қалыбын (матрица) жасушалардың митохондриясы мен лизосомасы, негізгі 
заттың гликозамингликандары, коллагендік немесе эластикалық талшықтар 
қалайды. Сондықтан ізбестену (кальциноз)
жасушалық
және 
жасуша
сыртындағы

жүйелік
(жайылмалы) және 
жергілікті
түрлерге бөлінеді. 
Даму механизмі.
Жалпы немесе жергілікті факторлардың басымдығына 
қарай, ізбестеу метастаздық, дистрофиялық және метаболизмдік нысандарға 
жіктеледі. 
Метастаздық ізбестену
(
ізбес метастаздары
), әдетте жайылмалы сипатта 
дамиды. Оның даму себебі – 
гиперкальциемия
; кальций алмасуының 
эндокриндік реттелуі бұзылып (паратгормон көп, кальцитонин жеткіліксіз), 
ізбес қордаланатын жерлерінен көп, организмнен аз шығарылады. Сондықтан 
сүйек сынғанда (бірнеше сүйек, миеломды ауру, ісік метастаздары), сүйек 
жұмсарғанда (остеомаляция) немесе қалқанша маңы безінің қызметі тым 
артқанда (гиперпаратиреоидтық остеодистрофия), тоқ ішек (күшәләмен улану, 
созылмалы дизентерия) пен бүйрек (поликистоз, созылмалы нефрит) 
зақымдалғанда, D-витаминін тым көп қолданғанда ізбестік метастаздар 
қалыптасады. 
Метастаздық ізбестену кезінде кальций тұздары түрлі мүшелер мен тіндерге, 
әсіресе өкпеге, асқазанның кілегейлі қабықшасына, бүйрекке, миокардқа, 
артериялардың қабырғаларына шөгеді. Өйткені өкпе, асқазан мен бүйрек 
бөлетін өнімдер қышқыл реакциялы, сондықтан бұл мүшелердің сілтілі тіндері 
кальций тұздарын, басқа мүшелердің тіндеріндей, ертінді күйінде ұстай 
алмайды. Ал миокард пен артериялардың қабырғаларына ізбес олардың 
тіндерін қоректендіретін артериялық қанның құрамында көмір қышқылы өте аз 
болғандықтан жиналады. 
Мүшелер мен тіндердің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет