энтерохромаффиндік жасушалар гранулаларындағы пигмент триптофаннан түзіледі.
Оны бірқатар гистохимиялық реакциялармен, яғни аргентаффиндік және Фальктің
хромаффиндік реакциясын қолданып анықтауға болады. Бұл пигменттің және
серотонин мен мелатониннің түзілуі сабақтас үдерістер.
Энтерохромаффиндік жасушалар пигменті
жиналған гранулалар , әдетте
карциноид деп аталатын ісіктердің жасушаларына жиналады.
Адренохром – адреналин тотыққанда түзілетін өнім; оның гранулалары бүйрекүсті
безінің милық затының жасушаларында болады. Адренохромға хромаффиндік реакция
тән. Бұл реакция пигменттің хром қышқылының әсерінен қара қоңыр түске боялып,
бихроматты тотықсыздандыратын қасиетіне негізделген. Пигменттің туындау тегі
белгісіз.
Адренохром аламасуының
патологиясы әлі зерттелмеген.
Липидгендік пигменттер (липопигменттер) алмасуының бұзылуы Бұл топқа майлы–белокты пигменттер – липофусцин, Е-витамині
жеткіліксіздігінің пигменті, цероид пен липохром жатады. Липофусцин,
гемофусцин, Е-витамині жеткіліксіздігінің пигменті мен цероидтың химиялық
және физикалық (гистохимиялық) қасиеттері біртекті, сондықтан олар бір
пигменттің –
липофусиннің өзгерген түрлері деп есептеледі. Дегенмен, қазір
паренхималық және жүйкелік жасушалардағы липопигмент қана липофусцин
деп, ал Е-витамині жеткіліксіздігінің пигменті липофусциннің өзгерген түрі деп
есептеледі.
Цероид деп мезенхималық жасушалардағы, әсіресе магрофагтардағы
липопигментті атайды.
Липопигменттер алмасуының
патологиясы әртүрлі.
Липофусцин – гликолипопротеид. Ол
–
сарғыш немесе қоңыр түсті түйіршік;
электрондық микроскоппен қарағанда құрамында миелин тәрізді құрылымдары бар
үшконтурлы мембранамен қоршалған, электрон өткізгіштігі төмен гранулалар (40-
сурет) көрінеді.