Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет101/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   832
Темір алмасуының бұзылуы 
Темірдің
 
басым бөлігі гемоглобиннің құрамында, сондықтан оның алмасуы 
бұзылуының морфологиялық бейнесі гемоглобингендік пигменттермен 
байланысты («
Гемоглобингендік пигменттер алмасының бұзылуын
» қара). 
Тастардың түзілуі 
Тас
, яғни 
конкремент
(латынша: 
соnсrеmentum
– қатпарлану), қуысты 
мүшелер мен бездердің өзектерінде жайғасатын өте қатты құрылым. 
Тастың сыртқы пішіні
(бітімі, көлемі, түсі, кесіндісінің құрылысы) өзі 
қалыптасқан қуыстың, өзектің пішініне, химиялық құрамына, түзілу 
механизміне қарай, әртүрлі. Тас өте ірі немесе ұсақ (микролит) болуы мүмкін. 
Тастың пішіні көбінесе өзі түзілген қуыс тәрізді: қуық пен өт қалтасында – 
жұмыр немесе сопақша, бүйректің қуыстары мен түбектерінде – тармақты
бездің өзекшелерінде – цилиндр тәрізді. Тас бір-бірден немесе көптеп түзіледі. 
Тас көп болса, бір-бірімен қиюласып, қырлы (
фасетті тас
), үсті жылтыр 
немесе бұдырлы болады (мысалы, оксалаттар тұт жидегіне ұқсайды). Тас 
кілегейлі қабықшаны жарақаттап, қабындырады. Химиялық құрамына қарай, 
тастың түсі де әртүрлі: фосфаттық тастар – ақ, ураттық – сары, пигменттік – 
қара қоңыр немесе қоңыр жасыл түсті. Тастың кесіндісінің беткейі: сәулелене 
шашыраған - радиал (
кристаллоид
), кейде қатпарлы (
коллоидтық
), енді бірде


Нуржігіт Алтынбеков 
94
радиал-қатпарлы (
коллоидтық-кристаллоид
). Тастың химиялық құрамы да 
әртүрлі. 
Өт жолының тасы
холестериннен, пигменттен, ізбестен немесе 
холестерин-пигмент-ізбестен (
күрделі, 
яғни
құрамдас
) түзілсе, зәрлік тас несеп 
қышқылы мен оның түздарынан (урат), кальций фосфатынан (фосфат), кальций 
оксалаттарынан (оксалат), цистин мен ксантиннен, ал 
бронхылардың тасы
ізбеспен әрленген шырыштан құрылады. 
Тас өт пен зәр жолдарында жиі қалыптасып, өт тасты және несеп тасты ауруға 
шалдықтырады. Басқа қуыстарда, өзектер мен жолдарда да байқалады: мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет