Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. Миокардтың майлы дистрофиясы



Pdf көрінісі
бет58/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   832
29-сурет. Миокардтың майлы дистрофиясы:
а — бұлшықет талшығындағы май тамшылары (суреттегі 
микробейнесінде қара түсті); б — өзіне тән жолақты липидтік қосымшалар (Л); Мф — 
миофибриллалар. Электронграмма. 21 000.
 


Нуржігіт Алтынбеков 
59
Жүректің 
сыртқы
пішіні
майлы дистрофияның даму дәрежесіне сәйкес 
болады. Үдеріс нашар дамыса, арнайы бояулармен бояп, микроскоппен ғана 
көруге болады; ал өте айқын дамыса, жүректің көлемі ұлғайып, қуыстары кеңіп, 
өзі тым жұмсарып, көмескіленіп, реңі бозғылт сары болады. Жүректің эндокард 
жақ беткейінен, әсіресе қарыншалардың үрпілік бұлшықеттері мен 
трабекулаларынан тарғыл реңді жолақтар көрінеді («
тарғыл
жүрек
»). Ол 
жолақтар венулалар мен веналар төңірегіндегі бұлшықет жасушалары басым 
зақымдалып, 
миокардта 
майлы 
дистрофия 
ошақты 
дамитындықтан 
қалыптасады. Жүректің майлы дистрофиясы – жүрек декомпенсацияның 
морфологиялық баламасы екенін ескерген жөн. 
Миокардта майлы дистрофияның дамуы 3 түрлі механизмге негізделген: май 
қышқылдары кардиомиоциттерге тым көп жиналып, майдың алмасуы бұзылады 
және жасушадағы липопротеидтік кешендер ыдырайды. Бұл механизмдер 
миокард 
гипоксияға 
немесе 
уытты 
әсерге 
ұшырағандағы 
энергия 
тапшылығынан дамыған инфильтрация немесе декомпозиция (фанероз) арқылы 
жүзеге асады. Бұл үдерістің барысында декомпозицияның зардабынан 
жасушалық 
мембраналардың 
липопротеидтік 
кешендерінен 
липидтер 
бөлінбейді, бірақ митохондриялар ауыр зақымдалып, жасушадағы май 
қышқылдары дұрыс тотықпайды. 
Бауырдың
майлы дистрофиясы (майлануы) кезінде гепатоциттерде майдың 
мөлшері көбейіп, олардың құрамы да өзгереді. Бауыр жасушаларында алдымен 
липидтердің гранулалары (
тозаңды
майлану
), кейін олардың ұсақ тамшылары 
(
ұсақ
тамшылы
майлану
) ірі тамшыларға немесе тұтасып, бір ірі майлы 
вакуольге айналып (
ірі
тамшылы
майлану
), цитоплазманы толық жайлап
ядроны шетке ығыстырады. Сөйтіп, бауыр жасушалары май жасушасына ұқсап 
өзгереді. Май тамшыларының жиналуы көбінесе бауыр бөлікшелерінің шетінен 
басталып, орталығынан сирек басталады. Өте айқын бейнелі майлы дистрофия, 
әдетте диффузды болады. 
Бауырдың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет